1951 жылға дейін оба бойынша өлім-жітімділік ауырғандардың жалпы санына қарағанда 90%-дан асты. Оба кезіндегі эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің дамуы, Қазақстанда обаға қарсы күрес жүйесінің қалыптасуы, антибиотиктермен емдеу және вакциналық алдын алудың енуі соңғы он жылдықта өлім-жітімділік деңгейінің 31,6%-ға және тұрғындардың обамен аурушаңдығының жылдам төмендеуіне алып келді [1,2].

1990 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта республика аумағында обамен ауырған 23 науқас адамдар 17 юбаның эпидемиологиялық ошағында тіркелген, оның ішінде 2 оба қоздырғышының тасымалдаушылары да тіркелді (кесте 1). 7 жастағы обамен ауырған баламен (Ақтөбе облысы) қарым-қатынаста болғандарды, алдын алу емі жүргізілген, клиникалық көріністері жоқ әкесін және 7 айлық інісін тексеру кезінде аңқаларынан оба қоздырғыштары бөлініп алынған [3].

 

Кесте 1. 1990-2002 жж. аралығында Қазақстан Республикасындағы обамен ауырған адамдардың саны

Жылдар

Қазақстан облыстары

Барлығы

Ақтөбе

Атырау

Қызылорда

Маңғыстау

1990

0

1

2

0

3

1991

0

0

1

0

1

1992

0

1

0

0

1

1993

1

1

1

0

3

1997

0

1

0

0

1

1999

4

0

3

0

7 *

2000

0

0

0

0

0

2001

0

0

2

0

2

2002

0

0

1

0

1

2003

0

0

1

3

4

Барлығы

5 (21,8%)

4 (17,5 %)

11 (47,6%)

3 (13,1%)

23

*Кестеде көрсетілген науқастардан басқа жоғарыда ескерілген екі бактериятасымалдаушы тіркелеген

 

1990-2010 жылдар аралығында Қазақстан аумағында обаның тек қана бубонды, бубонды-септикалық түрлері тіркелген. 23 науқастан 16 адам сауығып шыққан (69,5%), 7-уі қайтыс болған (30,5%). Өлімділіктің жоғары деңгейі, қазіргі кезеңде медициналық мекемелердің сиреп кетуінен, қоғамдық көліктің және көптеген ауылдық аймақтарда коммуникация құралдарының жоқтығынан, тұрғындар үшін олардың қол жетпейтіндігінен, науқастардың медициналық көмекті кеш сұрауына байланысты болған.

Ер адамдардан – 16 адам (69,5%), әйелдерден  – 7 (30,5%) ауырған. Жас құрамы бойынша обамен 65,3 % жағдайда ересектер ауырады, 34,7%-ды 18 жасқа дейінгі балалар құрайды. Обамен ауырған балалардың жоғары пайызы қазіргі заманғы обаның тағы бір сипаты болып табылады. Балалар арасындағы оба жағдайының талдаулары, олардың жабайы кеміргіштер тіршілік ететін жерлерде бақылаусыз ойнауын, эпизоотиялық аумақтарда мал жайылымына қатысатынын көрсетеді.

Ауру түйелердің эпидемиологиялық маңызы бұрынғысынша жоғары. Талдау кезеңінің 8 жағдайында жұқтыру түйелерді мәжбүрлі сою кезінде болған, соның ішінде 2 қала тұрғындары ауырған (Арал қ. 1990 ж). Бүргелердің шағуынан 12 адам обамен ауырған, олар 52,17% құрайды. Обамен залалданған қоянды мүшелеу барысында 2 адам обаға ауруына шалдыққан.

Қорытындылай келе, көп жылғы эпидемиологиялық мәліметтер талдауларының нәтижелері, обаның Ортаазиялық шөлді ошағы қазіргі кезде ең белсенді ошақ болып қала беретінін, ал, антропогенді әсерлердің қарқындылығына байланысты оның эпидемиологиялық потенциалы өсіп жатқандығын көрсетеді, сондықтан, обаның эпидемиологиялық қадағалануы қазіргі уақыт талабына сай жетілдіруді талап етеді.

Соңғы екі жылда обаға қарсы күрес мекемелерінің эпизоотологиялық және эпидемиологиялық зерттеу жұмыстарына электрондық геомәліметтік жүйесінің және молекулярлық-генетикалық зерттеулерінің енгізілуі оба ошақтары бойынша толық мәліметтер алынып, терең зерттеулерге және обаның эпидемиологиялық қадағалануы қазіргі уақытқа сай жаңартылып жетілдірілуге мүмкіндік береді.

Әдебиеттер:

1. Г.А. Темиралиева и др. Противочумная служба Казахстана. Исторические вехи становления и развития. Алматы, 1999. 162 с.

2. А.М. Айкимбаев (Руководство для практических медработников). – Алма-Ата, 1992. – 106 с.

3. Б. Б. Атшабар и др.  Эпизоотологические и социальные предпосылки заболеваний чумой людей в 1999 г в Казахстане и их клинико-эпидемиологические характеристики // Проблемы особо опасных инфекций. – Саратов, 2000. – С. 15.

 

Some epidemiological features of plague  in Kazakhstan  at the present time

Z.A. Sagiyev, R.S. Mussagaliyeva, U.A. Sagymbek, A.K. Kasenova, A.T. Berdibekov, G.O. Omarova, N.T. Karymsakova, G.S. Zhynusova, A.O. Ismailova, A.S. Zholdas, S.B. Indibayev

For period since 1990 till 2010 on territory of Kazakhstan 17 plague outbreaks were registered where 19 plague patients were infected. Analysis of the epidemiological data shows that in current time the Central Asia Desert Plague Focus remains as a more active plague focus and its epidemic potential has been growing up and the growing is connected with increasing of anthropogenic factors.

 

Некоторые эпидемиологические особенности чумы в Казахстане на современном этапе

З.А.Сагиев, Р.С. Мусагалиева, У.А. Сагымбек, А.К. Касенова, А.Т. Бердибеков, Г.О. Омарова, Н.Т. Карымсакова, Г.С. Жунусова, А.О. Исмаилова, А.С. Жолдас, С.Б. Индибаев

За период с 1990 по 2010 гг. На территории Республики Казахстан было зарегистрировано 23 заболеваний чумой людей в 17 эпидемических очагах. Анализ заболеваемости за вышеуказанный период показал, что на современном этапе Среднеазиатский пустынный очаг чумы остается высокоактивным и его активность увеливается за счет антрапогенного воздействия.

Қазіргі кезеңдегі қазақстандағы обаның кейбір эпидемиологиялық ерекшеліктері

З.Ә. Сағиев, Р.С. Мұсағалиева, У.Ә. Сағымбек, А.К. Касенова, А.Т. Бердібеков, Г.О. Омарова, Н.Т. Қарымсақова, Г.С. Жүнісова, А.О. Исмаилова, А.С. Жолдас, С.Б.Индибаев

М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы, Алматы қ.

Поисковые слова: