ПОҚ және студенттер назарына!




28.05.2014

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кітапханасы, № 2 оқу залы, № 222 аудиториясында «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» іс-шарасы өтеді.

Өткізілетін уақыты: 29.05.2014 жыл. Сағат 14.00-де.

Іс-шара мақсаты: 2013-2014 оқу жж. университеттің  тәрбие жұмысы бойынша жоспарланған.  «Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» атты Алматы қаласы тарихы музейінің қуғын-сүргін бөлімінің «Алашқа айбын болатын арыстар» атты жылжымалы көрме-дәрісін студенттерге көрсету, «Жерұйық» қоғамының «Тауқымет пен тағзым» жинақ дискі  арқылы тарихқа тағзым ету. ПОҚ құрамымен студенттерді Отансүйгіштікке баулу болып табылады.

Іс-шара қонақтары:

Алматы қаласы тарихы музейінің қуғын-сүргін бөлімінің меңгерушісі Нәзира Құдайбердіқызы, «Жерұйық» қоғамының президенті Болатбек Төлепберген, Республикалық қуғын-сүргін қауымдастығының президенті Жұмабек Асуұлы, «Алматы Ақшамы» газетінің журналистері.

Ұйымдастырушы:

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті,  жалпыбілім беру департаменті,  университет кітапханасы (филос.ғ.к., доцент З.У. Бисембаева, т.ғ.к., доцент Н.К. Дюсенова, т.ғ.к., аға оқытушы М.Қ. Дауытбекова, доцент Ғ.Т. Рсалдина).

Кіру тегін, іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!