«Қоғамдық денсаулық сақтаудың көкейкестi сұрақтары: денсаулық сақтауда жетекшiлік” Төртiншi Жыл сайынғы Халықаралық Жазғы мектептiң жүргiзiлуі туралы есеп




04.06.2013

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетiнің Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтауды мектебінде «Қоғамдық денсаулық сақтаудың көкейкестi сұрақтары: денсаулық сақтауда жетекшiлік” тақырыбымен Төртiншi Жыл сайынғы Халықаралық Жазғы мектебі жүргiзiлді.

Төртiншi Жыл сайынғы Халықаралық Жазғы мектепті С.Д. Асфендияров атындағы ҚазНМУ ректоры профессор А.А.Ақанов және академик Шарманов Т.Ш ашты. Жазғы мектепті жүргізу барысында екі тренинг -семинарды сертификатталған кәсiби коуч, бизнес сарапшы, Neff Consulting Berlin басқару бойынша кеңесшісі, Check Point бизнес инструкторы, Кингстон Университетінің MBA MNG 9410 «Жетекшіліктің жақсартылған курсы»  оқу бағдарламасында қолданылатын “Дағдарыстан шығу – жетекшілікте жаңа қадам” кітабының авторы Жолумбетов Бектас Мухаметжанович жүргізді.

Х. Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің директордың орынбасары Тұрдалиева Б.С. Төртiншi Жыл сайынғы Халықаралық Жазғы мектептің өткізілу мақсаттары мен міндеттері жөнінде айтты.

 

Бірінші семинардың қатысушылары: Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстанның  мемлекеттік медицина университетінің, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің оқытушылары, магистранттары, докторанттары, қатысты.  Барлығы:38 адам.

Екінші семинардың  қатысушылары: АМДЖИ,  ЖҚДСМ, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –дің оқытушылары, магистранттары, докторанттары,  Б.Атчабаров атындағы ҒЗИ директоры, БСЗБ және БРҒНО орталығының директоры,  №1.педиятрия бойынша интернатура мен резидентура кафедрасының доценті, стоматологиялық оқу департаментінің директоры қатысты.  Барлығы: 33 адам.

 

Жазғы мектепті өткізу барысында келесі тақырыптар өткізілді:

«Басқарудағы көшбасшы»

  1. «Әлем тарихындағы көшбасшылық  әрекетке  кіріспе.
  2. Көшбасшылық әрекет платформасында  –  жалпы тұлғалық конституция
  3. Басқару жұмысындағы  берік компонент – көшбасшылық
    1. Қазіргі заманауи көсбасшының тұлғасы-көсбасшының сапасы мен қасиет көздері
    2. Көшбасшылықтағы жаңа қадам – кризистен шығу.

« Субординациялық Куб – Басқарудағы көшбасшы»

Басқару конструкциясы

  1. –  ші жалпақтық Бастықтармен арақатынас
  2. –  ші жалпақтық: Әріптестермен  арақатынасы
  3. –  ші жалпақтық: Қоластындағылармен  арақатынасы
  4. – ші жалпақтық: Тұтынушылармен, клиенттермен, пациентерімен, тапсырыс берушілермен арақатынасы
  5. – ші жалпақтық: серіктістіктер және бақталастармен  арақатынасы.
  6. – шы жалпақтық:  нарықтағы байланыстар

« Басқару шешімдері туралы пирамида»

  1. Шешім қабылдаудың бес қағидасы және алты  коррекциялық деңгейі
  2. Проблемеларды жіктеу дің алты субординациялық деңгейі
  3. Шешім қабылдау үрдісінің бес этапы
  4. Карта проблемасын  жіктеу
  5. Шешім қабылдау үшін таразыға салу
  6. Алты қадамдық алгоритм

Участники тренинга обучались навыкам успешного лидерства и креативного мышления,  построения взаимоотношений с людьми, занимающими разные положения, узнали секреты расширенния своей компетентности, профессионализма, карьерного роста

Тренинг қатысушылары сәтті көсбасшылық дағдыларына және креативті ойлауға, адамдармен қарым-қатынас құрудың әр түрлі қырларын,   кәсіби іс пен жұмыстағы өсудің, компетенттілікті кеңейтудің құпияларын білді.

Жазғы мектептің қатысушылары осындай жыл сайынғы медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқудың өзектілігі, денсаулық сақтаудағы жетекшілік сұрақтарының маңыздылығы, семинар тренингтің ұйымдастырылу мен өткізілуінің  жоғары сапасы жөнінде баса айтты. Қатысушыларға Университет мұражайы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Жазғы мектеп қатысушыларына сертификаттар мен алғыс хаттары тапсырылды. Жазғы мектепке барлығы 71 адам қатысты.

Кафедра қызметкерлері арасында келесі оқытушылар ерекше көзге түсті: Турдалиева Б.С., Аимбетова Г.Е., Сагындыкова З.Р., Алтынбекова У.А., Рамазанова М.А., Байсугурова В.Ю., Мусаева Б.А., Раушанова А., Игисенова А.И., Касиева Б.С., Куржангулова А.М., Уразаева У.А., Таукебаев Қ.Б., Айдаралиева А., Мусабаева Б., және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ЖДО Студенттердің волонтерлік қозғалысының командасы.