С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің миссиясы




28.10.2013

 С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің

миссиясы

 

ҚазҰМУ – отандық және шетелдік ғалымдарды кеңінен тарту және ғылыми әлеуетті ұдайы арттыра отырып, құзыреттілік-бағдарланған әдіс негізінде бәсекеге қабілетті, кәсіби білікті денсаулық сақтау мен фармация мамандарын даярлауды жүзете асыратын  инновациялық кластер.

 

Мақсаты

 

Халықаралық қауымдастықта кеңінен танылған медициналық білім беру жүйесінің әлеуметтік жауапты көшбасшысы, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие маман даярлаушы, қызметтің барлық саласына инновациялық технологияларды ендіру арқылы білім мен тәжірибенің, ғылымның бірлігін қамтамасыз етуші, ұлттық ғылыми медициналық мектепті дамыта отырып, өзіндік дәстүрлер сабақтастығын сақтайтын және көбейтетін жетекші медициналық білім беру мекемесі.

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысының Ар кодексі

 

Оқытушының Ар кодексі С.Ж.Асфендияров атындағы Ғылыми кеңесі бекіткен (№9 Хаттама, 25.05.2010ж.), С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың адамгершілік құндылықтарын және этикалық ұстанымдарын жүзеге асыруды бағамдайды.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысы – педагогикалық, ғылыми-инновациялық, клиникалық және тәрбиелік жұмысты белсенді атқаратын өз ісінің кәсіби білікті шебері.

 

Оқытушы білім беру мен ғылыми зерттеулердің үздік сапасының, жас ғалымдар, магистранттар, докторанттар және студенттерге ғылыми жетекшілік жүргізудің жауапкершілігін түсінеді.

 

Оқытушы өзінің кәсіби біліктілігін ұдайы арттырады, заманауи жаңа инновациялық технологияларға сәйкес  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді, академиялық интернациолизацияда белсенді тұлға болып табылады.

 

Оқытушы тұлғаның әлеуметтенуіндегі тәрбиелік аспектінің аса маңызды екенін, оның адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы барысындағы жауапкершілігін түсінеді. Бұл педагогикалық қызметті жүзеге асырудың мақсатын, міндетін, университеттің әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының қатарына ену жолындағы стратегиясын және саясатын бағамдайды.

 

Оқытушы халықаралық университеттік қауымдастыққа студенттердің кірігуін жандандыру үшін және кәсіби тұрғыда, азаматтық-патриоттық және рухани-адамгершілік тұрғыда дамып, өзін-өзі көрсетуі үшін оңтайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

Оқытушы студенттің бойына Отанына, оның ұлы тарихи өткеніне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарына деген мақтаныш сезімін, адалдығын, аса мәртебелі құрметін сіңіреді.

 

Оқытушы жоғары азаматтық-патриоттық, құқықтық және конфессияаралық ынтымақтастық мәдениеті туралы көзқарас қалыптастыру барысында әлеуметтік-құқықтық белсенділік танытуға міндетті болып табылады.

Оқытушы – әділдіктің, зиялылықтың, адамгершіліктің, бостандыққа деген құрметтің, абыройдың, ардың үлгісі, ол тәртіпсіздік пен жауапкершіліксіздіктің кез-келген көрінісін жоюы тиіс.

Оқытушы студенттің университеттің адамгершілік, моралдық-этикалық құндылықтарын және дәстүрлерін сақтауына, оларға құрмет көрсетуіне ықпал етуі тиіс.

Оқытушы жемқорлықтың кез-келген көрінісіне (алаяқтық, пара алушылық, жемқорлық әрекет, өзінің қызметтік дәрежесін асыра пайдалану және т.б.) дереу назар аударып, оның жойылуына ықпал етуі тиіс.

 

Оқытушы – патриот, Университет саясатының және корпоративтік әрекеттің белсенді қолдаушысы, ол өзінің әрекеті арқылы жоғары оқу орнының көп қырлы қызметінің беделін, имиджін нығайтады әрі жандандырады.

 

Оқытушы оқу бағдарламаларының стандарттары мен талаптарын қатаң қадағалайды, білім беру үдерісінде заңнамаға қайшы әрекеттердің алдын алады және оның жүзеге асуына жол бермейді. Себепсіз жазғыруға, әдепсіздікке, жөнсіздікке, құпиялылыққа, шиеленіске жол бермейді.

 

Оқытушылар этикалық-моралдық қағидаларды бұзғандығы үшін Этикалық кеңес комиссиясының қарауына ұсынылады.

 

Ар кодексінде және Жарғыда, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарда қарастырылған ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік және әкімшілік сөгіс шаралары қабылданады (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс), тіпті университеттен шығарылуы да мүмкін.

 

 

Мен,_________________________________,____________________________кафедрасының/модулінің оқытушысы, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ар кодексімен таныстым, оның барлық талаптарын орындауға міндеттеме аламын.

 

_________________                                                                                         «____»__________2013 ж.

жеке қолы

 

 

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ар кодексінің 2 данасына қол қойылады, бір данасы оқытушының жеке іс топтамасында сақталады, екінші данасы қолына беріледі.