КЛИНИКАЛЫҚ КЕҢЕС




06.04.2011

Клиникалық Кеңес жиналыстық және кеңес берушілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңес Университеттің клиникалық жұмысының ұжымдық басқармасының формасы болып табылады. Кеңес клиникалық сұрақтардың оперативті шешімдерімен және клиникалық кафедралардың денсаулық сақтау органдарымен, базалық емдеу орындарымен қызмет жүйесін жүзеге асырады. Кеңес мүшелері университет ректорының бұйрығымен екі жылға сайланады. Кеңес құрамына тәжірибесі бар мамандар кіреді: декандар және декан орынбасарлары, клиникалық кафедра меңгерушілері, профессорлар,  Университеттің клиникалық база жетекшілері.

Кеңестің негізгі мақсаты және міндеттері:

  • халыққа емдеу-диагностикалық көмек көрсету сұрақтары бойынша, Университеттің клиникалық бөлімдерінің қызметінің координациясы;
  • жоғарғы оқу орындарында интерндерді және студенттерді клиникалық дайындау координациясы;
  • клиникалық кафедралардың қызметінің жүзеге асуы бойынша, ректорға ұсыныстар беру;
  • Университет студенттерінің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша практикалық денсаулық сақтаумен және жоғарғы оқу орындарымен бірлескен, қызметті жақсарту сұрақтарын талқылау және жүзеге асыру.

Кеңес қызметінің негізгі міндеттері:

  • кафедра қызметкерлерінің емдеу-кеңестік қызметінің жағдайын, өзіндік отырыстарында қарастыру, моральдық, этикалық және деонтологиялық нормаларды қадағалау және осы қарастырылған сұрақтар бойынша ұйымдасқан шешімді қабылдап, Университет ректорына  ұсыныстар беру;
  • сұрақтарды талдау және Университеттің клиникалық кафедраларының үздік қызметкерлерінің атқарған қызметтерінің табыстары үшін, ректорға оларға қолдау көрсетуі үшін өтініш беру.

Алдына қойылған мақсаттарын және міндеттерін жүзеге асыру аясында, Кеңес келесі негізгі функцияларды және қызмет бағытын жүзеге асырады:

  • Кеңес отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын өтеді;
  • Кеңес отырысындағы сұрақтарды қайта дайындау, қабылданған шешімдерді енгізуді қамтамасыз ету, практикалық медицинаның негізгі бағыттары бойынша қалыптасады.
  • Кеңес қызметі кеңес мүшелерінің арасында бөлінеді.
  • Кеңес төрағасы барлық кеңес мүшелерінің тікелей басшысы болып табылады және     олардың қызметтік міндеттерін бөлуді жүзеге асырады.
  • Кеңестің Университеттің өзге құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынасу тәртібі, Университет әкімшілігінің ішкі нормативтік құжаттарымен және ұйымдық-өкімдік актілерімен белгіленеді.