Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Департамент басшысы:

Степкина Елена Леонидовна

фарм.ғ.к., денсаулық сақтау үздігі

Телефон:8(727) 3387000 (іш. 7019)

E-mail[email protected]

 

Департамент туралы

Департамент Университеттің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Департамент Университетті дамытудың стратегиялық мәселелері   бойынша Басқарма Төрағасы – Ректорға және халықаралық қызмет мәселелері жөніндегі бірінші проректорға тікелей бағынышты болады.

Департамент  қызметінің негізгі мақсаты:

Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, Университет қызметін стратегиялық жоспарлау және дамыту, сыртқы байланыстарды дамыту мен шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнату.

Департамент құрылымы:

  1. Стратегиялық даму және мониторинг басқармасы (СДМБ)
  2. Халықаралық ынтымақтастық басқармасы (ХЫБ)

Департаменттің негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамытудың ұлттық жобаларына сәйкес Университет қызметінің стратегиялық даму бағыттарын әзірлеу;
  • Даму бағдарламасын іске асыру бойынша Университет қызметіне мониторинг, департаменттің қолданыстағы кадрлық, техникалық және функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде қызметті жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау, оның ішінде университеттің мақсатты индикаторларына қол жеткізу;
  • Құрылымдық бөлімшелерден алынған деректерді жинау, құрастыру, салыстыру және талдау арқылы жүзеге асырылатын университеттің және оның еншілес ұйымдарының стратегиялық көрсеткіштеріне, негізгі қызмет көрсеткіштеріне мониторинг және бағалау жүйесін жетілдіру;
  • Талдау негізінде Университеттің ұйымдық құрылымы мен Университеттің дамуы бойынша ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну;
  • Халықаралық ынтымақтастық және Университет қызметін интернационалдандыру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің, ғылым мен клиниканың дамуының негізгі әлемдік тенденциялары бойынша ақпарат жинау, талдау және аналитикалық материалдарды генерациялау;
  • ПОҚ академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға және тиімділігін талдауға қатысу;
  • Шетелдік әріптестермен білім, ғылым және клиникалар саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарды әзірлеу, жасасуды қолдау және іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
  • Әлемнің ең дамыған елдерінің білім және ғылым жүйесіне салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) жүргізу.

Байланыс ақпараты:
Мекен-жай: 050012, Алматы, Төле би, 94
Ректорат КазНМУ, 2-қабат, №№ 218, 229, 235 каб.
Жұмыс уақыты: 8:30-дан 18:00-ге дейін
Үзіліс: 12:30-дан 14:00-ге дейін