Эссе «Неге мен дәрігер болғым келеді?»




26.04.2016

18.04.2016 орыс тілі кафедрасында «Неге мен дәрігер болғым келеді?» атты эссе конкурсының нәтижелері дайын болды (жауаптылар: Чумбалова Г.М. филология ғылымдарының магистрі Котлярова И.В. аға оқытушы Турысбекова Г.Ж.). Конкурсқа  «Жалпы медицина», «Стоматология», «Мейірбике ісі» факультеттерінің 1-курс студенттері қатысты. «Мен мектеп бітіргеннен кейін қандай іспен айналысқым келеді?» деген сұрақты көптеген абитуренттер жоғары оқу орнына тапсырар алдында қояды. Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Кейбір абитуренттер уақыт өте келе өздерінің қандай ғылым саласында немесе қай өндірістің маманы болатындығы туралы шешімдерін бірнеше рет өзгертеді. Мыңдаған мамандықтардың ішінен өзіңе сай келетін мамандықты таңдау оңай емес.

   Болашақ мамандықты таңдаудың басты себептері қандай? Біріншіден, ол сізге қызықты болу керек. Сізге ұнайтын ерекше іс, ол бұл адам өмірінің бақытының басты кепілі.Кейін өмірге қажетті қаражатты табу мүмкіндігін ескеру қажет. Сіз ең керемет жұмыспен айналысқанның өзінде, ол сізге пайда алып келмесе, сіз ондай іске қанағаттанбайсыз. Сонымен қоса жұмыссыздық мәселесі бар. Сондықтан сізге жұмыс таба алатындай, мамандық таңдау керек.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУстуденттері не себепті дәрігер болғылары келгені туралы өз пікірлерін білдірді. 92% көп студенттер өз еркілерімен дәрігер болуды таңдаған. Олар бұл істің асыл мамандық екенін түсініп, бұл туралы бала кездерінен армандаған. Бала кездерінен, дәрігерлердің еңбегінің қиыншылығын түсініп, оған қарамастан медициналық университетке түсуге тырысып, 8-9-сыныптан биология және химия пәндерін мұқиат оқыған. Бұл нағыз дәрігер болатын оқушылар.

 Кейбір студенттер тобы ата анасының қалауымен дәрігер болуды таңдаған. Мысалы, бір студент әнші боламын дегенде, анасы «Әнші болу маңызды мамандық емес. Дәрігер мамандығын алып, көңілің қалағанша ән айт!». Басқасы педагог болғысы келген, бірақ оның құрбылары медициналық университетке тапсырған соң, ол да тапсырған. Ал үшіншілері қандай мамандықты таңдарында білмеген. Бұндай студенттер шамамен 5-7%. Олардың қандай дәрігер боларын уақыт көрсетеді. Мүмкін өз қалауымен дәрігер болғысы келмеген студенттер де, жаңа достарының ықпалымен өз пікірлерін өзгертеді. Осылай болады деп үміттенеміз.

   Барлық жазылған эсселер саны 300-дей. Жюри мүшелерімен ең үздік студенттердің шығармалары таңдалыпалынды. Үздік деп 9-студенттік жұмыс танылды. Бірінші орынды «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Исаева Асия(группа ЖМ-005), Мұхаметжанов Амангелді (группа ЖМ-12), Гушкелова Чичек (группа ЖМ-20) бөлісіп алды. Екінші орынды Азаматова Амина(группа ЖМ-005), Бекбатырова Алина (группа ЖМ-007), Жарасбаев Нұрғиса  (группа ЖМ-20) студенттері иеленді, үшінші орынды Муталип Н.А (группа ЖМ-23) , Балабекова Назерке (группа ЖМ-002), Джансейитова Д.М. (группа ЖМ-002) «Неге мен дәрігер болғым келеді?» атты факультет аралық конкурста белсенді қатыстқаны үшін жеңімпаздарға салтанатты түрде грамоталар тапсырылды.