Хабарландыру




03.06.2013

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» №3827 Жарлығына сәйкес  4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленіп, мерекеленеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимні – егемендік пен тәуелсіздіктің, халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің нышандары.

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм идеясын танымал ету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін азаматтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында тәуелсіздіктің нышандарына деген құрметті тәрбиелеу, жастардың бойында «тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік» рәміздеріне деген махаббатты жүректеріне ұялату.

Осыған орай, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да ақындық қабілеті бар талантты студенттер арасында авторлық шығармалар мен патриоттық тақырыпта мәнерлеп оқудан байқау жүргізіледі.

Авторлық өлеңдерді қағазға басылған түрінде және электрондық нұсқасын [email protected] электрондық поштасына жіберулеріңізге болады. Сонымен қатар № 7 аудиториялық корпусының 5 кабинетінде, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқармасының көркемдік жетекшісі Апсаттарова Салтанат Айкенқызына әкеліп тапсыруға болады.

Мерекелік іс-шара 2013 жылдың 4 маусымы сағ 10.00-де «ARENA» театрында өткізіледі.

Келем деушілерге есік ашық!