Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік орталығымен Кәсіби қосымша білім беру орталығы мен бірлесе Қазақстан-Ресей Медицина Университетінің профессорлық оқытушалар құрамының біліктілігін артыру курсы өткізілді




19.02.2018

 09.02.2018 ж. №78 бұйрығына сәйкес Қазақстан-Ресей Медицина Университетінің профессорлық оқытушылар құрамын біліктілігін артыру курсы  05.02.2018ж. бастап 10.02.2018 ж. дейін Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік орталығының сарапшыларымен  Кәсіби қосымша білім беру орталығы бірлесе отырып медициналық жоғарғы оқу орындары оқытушыларының педагогикалық құзыреттілігін арттыру курстары келесі модульдар бойынша өткізілді:

  1. Нәтижелі оқытушы;
  2. Білім мен дағдыны/білім беру бағдарламаларын бағалаудағы сарапшы;
  3. Медициналық білім берудегі зерттеуші/ғалым;
  4. Медициналық білім берудегі көшбасшы/менеджер;
  5. Нәтижелі коммуникатор;
  6. IT тиімді пайдаланушы.

Жалпы 54 академиялық сағат, жалпы оқытылған қызметкерлер – 24 адам. Барлық курсанттарға «Ғылым және білім медициналық ұйымдарының оқытушылары» циклы бойынша біліктілігін арттыру куәлігі берілді.