«Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды!»




04.05.2011

Құрметті оқытушылар және студенттер!

Жеңіс күні біздің баршамыз үшін халқымыздың жанқиярлық ерлігінің нышаны, ержүректілік пен төзімділіктің және қаһармандылықтың символы. Ылайым, біздің ата-бабаларымыздың ерлігі өскелең ұрпақ үшін өжеттіліктің, намысшылдықтың, адамгершіліктің зор үлгісі болсын. Осы бір тамаша мереке – 9 мамыр күні сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, амандық және ашық аспан тілейміз!

«Бейбіт өмір – Тәуелсіз ел қалауы, мәңгі сөнбес Ұлы Жеңіс алауы!» деген ұранмен Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім «Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды!» атты театрландырылған қойылым өткізеді. Іс-шара 06.05.2011 жылы Ректорат алаңында сағат 11:00-де басталады.

 

Ұйымдастырушылар: Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлім

Студенттік ұйымдар

Әскери дайындық кафедрасы

Университеттің кәсіп одақ комитеті

Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды!




20.04.2010

Биыл Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығы Республика көлемінде аталып өтілуде. Осыған орай ҚазҰМУ-дың тәрбие ісі жөніндегі басқармада бекітілген жоспарға сәйкес бірнеше мерекелік іс-шаралар қарастырылған. (толығырақ…)