«Діни экстремизм және терроризмді алдын-алу» атты ҚазҰМУ-дың 6 курс интерн – студенттерімен кездесу өткізілді.




22.05.2017

 

Жастар арасындағы халықаралық терроризммен күрес және діни экстремизмнің әрекеттерін алдын-алу мақсатында 16.05.2017ж. күні сағат 16.00-де  ҚазҰМУ-нің  № 2 оқу аудиториясында ҚазҰМУ-мен Алматы қ. Дін істері басқармасымен бірлескен жұмыс аясында «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» қызметкері (студент жастар  арасында діни экстремизмнің және терроризмнің таралуының алдын-алуға арналған шаралардың кестесіне сәйкес) университетіміздің ҚазҰМУ-дың 6 курс интерн – студенттерімен кездесу өткізілді.

 

Кездесуде сөз сөйлеген:

     «Дін істері басқармасындағы нәтижелерді анықтау орталығының» бас эксперті – Берікбаев Е.Г. «Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс- қимыл» атты баяндамасын таныстырды. Дәріс көрсетіліммен және «Өтірік туралы шындық» деген бейнефильммен толықтырылып, кездесу диалог форматында  студенттердің қызығушылығын арттырды. Жалпы шараға  қатысқандар саны – 70  адам.

Аталған іс-шараны Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарманың Әлеуметтік көмек және студенттерге қызмет көрсету бөлімі ұйымдастырды .

 

 

 

 

 

СЖЖБ директоры                                                                Л.С. Шынгысбаев