Департамент туралы ереже




25.12.2017

  1. Қолдану саласы

1) Бұл құжат кафедраның (Департамент) мамандығы бойынша мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін негізгі нормативтік құжат болып табылады және оның қызметін ұйымдастыруды, басқа құрылымдық бөлімшелермен және Университет қызметкерлерімен өзара іс-қимыл тәртібін белгілейді.

2) Департамент С.Д.Асфендияров атындағы «Қазақ ұлттық медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

3) Департамент кафедраның бөлімдері / курстары бойынша оқу процесінің мәселелері бойынша факультет деканына тікелей бағынады.

Департамент өзінің қызметінде басшылыққа алады:

  • Университет жарғысын;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілері, Департамент шеңберіне қатысты халықаралық нормалар
  • Коллективтік келісім шарттармен;
  • ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен;
  • ішкі оқу тәртібінің ережелерімен;
  • университеттің ішкі нормативтік құжаттарымен (ережелер, нұсқаулар, тәртібінің ережелері, стандарттар және басқалар);
  • Университет кеңесінің шешімдерімен;
  • Университет әкімшілігі және жоғары басшының бұйрығы мен өкімдерімен;4)   Осы Ереже стандартты болып табылады және С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Департамент факультеттерінің іс-әрекеттерінде қолданылады.
  1. Құрылымы және тарқауы
  • Департамент Ректордың бұйрығымен құралады және тарқатылады.
  • Департаменттің ұйымдастырушылық құрылымы атқарушы проректормен келісіледі және Ректормен бекітіледі. Ұсыныстар Директор Департаментімен енгізіледі.
  • Департаменттің штат кестесі атқарушы проректормен келіседі және Ректормен бекітіледі.
  • Департаменттің құрылымы мен штаттық кестесін өзгерту атқарушы проректормен келісіледі және Ректордың бұйрығымен бекітіледі. Ұсыныстарды Департамент директоры жүзеге асырады
  • Департаменттің оқу жоспарын талқылау және бекіту оқу жылы Деканмен келісіледі. Ұсыныстарды Департамент директоры жүзеге асырады.
  1. Ұйымдық құрылым
  • Департамент Жалпы медицина мектебінің құрамына кіреді.
  • Департаменттің ұйымдық құрылымына университеттің дербес құрылымдық бөлімшелерінің профильдері бойынша сәйкес келетін кафедралар/ курстар кіреді.
  • Департаменттің қызметі осы Ережемен реттеледі.
  • Департаменттің жұмысын директор басқарады, оынң қызметі лауазымдық нұсқаулықпен реттеледі.
  • Директорға профиліне сәйкес келетін кафедралар мен курстар тікелей бағыныста болады.
  • Лауазымға тағайындау және жұмыстан босату тәртібін ректордың бұйрығымен бекітілген директордың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.
  • Жауапкершілік:

Департаменттің директоры Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады,

Департамент директоры департамент құзыретінде туындайтын мәселелерге жауап береді.