Денсаулық – әр адамның өміріндегі баға жетпес бақыт. Әр кімге мықты, күшті болу , денсаулығын нығайту, денсаулығын ұзарту, белсенді өмір сүру, денсаулығын сақтап қалу тән болу керекү




31.10.2011

ҚазҰМУ-ның  студенттік жастар арасындағы  24 қазан 2011жылы  конгресс холда  « Денсаулық аптасы » бойынша  акция жүргізілді. Акция – салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналды.

Х.Досмухамедов атындағы  ҚДМ-нің директорының орынбасары м.ғ.д. Б.С Тұрдалиев, «Денсаулық орталығының жастарының» жетекшісі денсаулық сақтау және басқару кафедрасының оқытушысы Б.А. Мұсаева, жастар Комитетінің жетекшісі Абдығалиев А. өткізілген іс-шараның ашылуына қатысты. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ның  «Жалпы медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Соматология» факультеттері арасында 1,2 және 3 курс студенттер арасында  акция қатысқан студенттер саны 150 болды.   Акцияға «Забей на сигарету» тақырыбында жүргізілді. Бағдарламада студенттер концерттік  қойылым, көріністер қойып, қызықты кеш өткізді.