Орал Таңсықбаевтың (1904-1974) 110 жыл толуына арналған көрмесі

| Жаңалықтар, Хабарландыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер музейі  КСРО Халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі, суретші Орал Таңсықбаевтың (1904-1974) 110 жыл толуына арналған  көрмесін ұсынады. Көрме 2014 жылдың 07-23 қазан аралығында өткізіледі. Көрменің жетекшісі Баженова Наталия, жұмыс  тел.:3945701 Жұмыс уақыты: 12.00-19.00 Демалыс күн: Дүйсенбі

Құрметті университет қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер!

| Жаңалықтар, Хабарландыру.

Құрметті университет қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер! Бәрің де арманменен қанаттандың, Үлкен өмір жолына ал аттағын. Біз жүрейік сендермен бақытты боп, Көзбен көріп, бәйшешек гүл атқанын.   Сіздерді 2014 жылғы 11 шілде күні сағат 10.00-де университеттің «Гиппократ алаңында» өтетін С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың  бакалавриат түлектерінің бітіру кешіне, салтанатты шеруіне шақырамыз! «Жас түлек  ҚазҰМУ-2014» салтанатты мерекелік іс-шара аясында… Read more »

«Алдар көсенің айласы»

| Хабарландыру.

Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді 2014 жылғы 16 сәуір күні сағат 16.00-де универсиеттің «Concordia» театрында өтетін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттік драма театрының сатиралық комедия жанрындағы «Алдар көсенің айласы» атты қойылымына шақырамыз! Қоюшы-режиссер, театр жетекшісі: М.Е. Бидибеков Көркемдік жетекші: С.А. Абсаттарова Хореограф: Ә.А. Күмісқалиева

«Әз Наурыз»

| Хабарландыру.

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен қызметкерлері! 2014 жылғы 19 сәуір күні сағат 10.00-де университет аймағында «Әз Наурыз» мерекесі аталынып өтеді. Іс-шара бағдарламасында: концерт, ұлттық ойындар, түрлі сайыстар ұйымдастырылады. ҚазҰМУ-дың Кәсіподақ ұйымы университет оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған мерекелік дастархан әзірлейді. Баршаларыңызды «Әз Наурыз» мерекесімен құттықтап, өтетін іс-шарада асыға күтеміз!

Тьюторлардың назарына!

| Хабарландыру.

Х.С. Насыбуллина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебі жанында тьюторларға арналған оқу басталды. Оқу сағат 10:00-да 01,15,29-наурыз күндері өтеді. Тақырыптық жоспар мен тьюторлардың тізімі тіркелген.                        

Университет тарихи мұражайы студенттер мен оқытушыларды шақырады!

| ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы, Хабарландыру.

2014 жылы қазан айының 20-шы жұлдызында көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері, дарынды ғалым -тарихшы, профессор, педагог, Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы, тұңғыш ректоры  Санжар Жапарұлы Асфендияровтың туғанына 125 жыл толады. Осы айтулы мерейтойға байланысты, университетімізде биылғы жыл С.Ж.Асфендияровтың өмірін, ғылыми еңбектерін, жүріп өткен   еңбек жолдарын  дәріптеуге  арналады. Қазіргі уақытта Университет тарихи  мұражайында С.Ж.Асфендияров жайлы түсірілген деректі… Read more »

ХАБАРЛАНДЫРУ!

| ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы, Хабарландыру.

С.Ж.Асфендияров  атындағы ҚазҰМУ студенттері! Биылғы жаңа оқу жылының қыркүйек айынан  бастап Университетіміздің «Concordia» театрында би  үйірмесі  өз жұмысын бастады.                                                                                              Би көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылар қатары талантты студенттермен күн сайын толығуда, әлі де тіркелу жүргізілуде. Би үйірмесінің дайындық күндері:                                                                                                                       әр дүйсенбі сағат 17.30-да және сенбі күні сағат 15.00-де  «Concordia» театрында өткізіледі. Көркемөнерпаздар үйірмелеріне тіркелу  аудитория ғимаратының  109-шы… Read more »