Сенбілік

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2014 жылғы наурыздың 15 күніСтуденттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың студенттері сенбілікке шыққан болатын. Студенттер университетке қарасты оқу корпусының  бойында орналасқан көшелеріне және арықтарға тазалау жұмыстарын жүргізді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан студенттер іс-шараға белсенді қатысып, сенбіліктің  тиянақты өтуіне барынша ат салысты. Сенбілікке қатысқан студенттерге университет әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!

Мейірімділік

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2-март күні СТ11-002-1-2 топ студенттері  №7 арнайы корреляциялық интелектуальді мектеп-интарнатқа  барды. Студенттер 6-7 класс оқушыларымен кездесті.Осы интеллектуальді дамуды коррекциялайтын мектеп-интернатқа бару себебіміз жастарға мейрімділік, жанашыршылық қасиеттерді бойларына сіңдіру. Студенттерге  өмірде бір адамның қиын жағдайға тап болған өзге адамға, ет жақын туған-туыстарына, тілектес, ниеттес, сыйлас кісілеріне деген ерекше көңіл күйі, қамқорлығын көрсетуді үйрету .          Мейірімділік —… Read more »

Құрметті ҚазҰМУ АРУЛАРЫ!

| Жаңалықтар, Университеттің студенттік үкіметі.

  Сіздерді 8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық , мол бақыт тілей отырып, болашақта мықты маман, асыл жар, аяулы ана атана берініздер деймін. Осы бір тамаша мерекені бізге керемет етіп сыйлап отырған сері жігіттерімізге мың алғыс. Аталмыш мерекеге орай 2014жылдың 06 наурыз күні  №3 студенттер үйінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінің ер-жігіттері ұйымдастырған… Read more »

Студенттер Алматы қ. Дін істері жөніндегі өкілдерімен кездесті

| Жаңалықтар.

2014 жылғы 12 наурыз күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің  ұйымдастыруымен және тьюторлардың қатысуымен университеттің № 7 аудиториялық корпусының №9 аудиториясында «Стоматология» факультетінің студенттері Алматы қ. Дін істері басқармасы өкілдерімен кездесті. Кездесу қонақтары: Алматы қ. Дін істері жөніндегі басқармасы әкімшілік талдау бөлімінің басшысы – Т. Жайсанбаев, Алматы қ. Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері… Read more »

«Театр маусымы» бағдарламасы бойынша ақпан айының есебі

| Жаңалықтар, ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы.

Театр – қоғамның ұстазы, ақылшысы, жақсылыққа жол бастаушысы. Студенттер театрдан жан азығы мен рухани байлық алады. Себебі, театрдағы  қойылым нағыз мәдениеттің ең басты мәні мен маңызын әдеп-ғұрыппен күнделікті өмірдегі тұрмысты байланыстыру  болып табылады. Театрдағы қойылым өз жаңашылдығымен, өнерлік және өрелік биігімен студенттерге тәрбие береді. «Театр маусымының» ашылуына орай  төмендегі қойылымдарды университетіміздің 1-курс студенттері тамашалады. 11.02.2014ж…. Read more »

Тьюторлардың назарына!

| Хабарландыру.

Х.С. Насыбуллина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебі жанында тьюторларға арналған оқу басталды. Оқу сағат 10:00-да 01,15,29-наурыз күндері өтеді. Тақырыптық жоспар мен тьюторлардың тізімі тіркелген.                        

Университет оқытушылары Алматы қ. Дін істері басқармасы және діни өкілдерімен кездесті

| Жаңалықтар.

2014 жылғы 1 наурыз күні ректор көмекшісі С.Ж Нургазинова мен Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы №1 аудиторияда университет оқытушылары Алматы қ. Дін істері басқармасы мен Алматы қ. «Орбита» мешітінің  өкілдерімен кездесті. Іс-шара қонақтары: Алматы қ. Дін істері басқармасының бас маманы Р.Дурсунов, Алматы қ. «Орбита» мешітінің бас имамы А.Ә. Тлеубердиев. Кездесу алдымен дәстүрлі… Read more »

«Көшбасшылық қабілетті дамыту»

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

 «Көшбасшылық қабілетті дамыту»   Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті мен Д. Драпер атындағы Коммуникативтік дағдылар орталығының ұйымдастыруымен университеттің белсенді студенттеріне «Көшбасшылық қабілетті дамыту» бойынша тренингтер жүргізілуде. 2014 жылғы 24 ақпан күні Коммуникативтік дағдылар орталығының базасында «Ұйымдастырушылық-басқарушылық қабілет» бойынша үшінші тренинг өтті. Тренингте келесі мәселелер қарастырылды: белгілі мақсат қоя білу, өзгерістерге икемділік, табандылық, жауапкершілік. Айта кететін… Read more »

Республикалық патриот жастардың форумы өтті.

| Жаңалықтар.

Республикалық патриот жастардың форумы өтті.   2014 жылғы 25 ақпан күні  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Қазақстан-2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Мәңгілік Ел» идеясы – жастардың жарқын болашағы» атты Республикалық патриот жастардың форумы өтті. Студент жастардың саяси сана-сезімі мен белсенді қоғамдық  ұстанымын қалыптастыру және  көшбасшылық қабілетті жүзегу асыру мақсатында форумға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың… Read more »

«Сoncordia» театрында студенттер Алматы қ. Дін істері жөніндегі өкілдерімен кездесті

| Жаңалықтар, ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы.

2014 жылғы 20 ақпан күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен және тьюторлардың қатысуымен университеттің «Сoncordia» театрында «жалпы медицина» факультетінің студенттері Алматы қ. Алмалы ауданы  Ішкі саясат бөлімі мен Алматы қ. Дін істері басқармасы өкілдерімен кездесті. Жиын қонақтары: Алматы қ. Алмалы ауданы  Ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Ерманова, Алматы қ. Дін істері басқармасының бас маманы Р.Дурсунов,… Read more »