2 желтоқсан Университет күндері аясында дебат ойындарының финалдық жарысы өтті

| 1-ші күн, Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2 желтоқсан күні сағат 11:30-да факультет аралық дебат ойындарының финалдық жарысы өтті. Даңқ Залында және кіші залда бір уақытта өткен дебат командаларының (қазақ лигасы) жеңімпаздары ақтық ойынға жолдама алды. Даңқ залында жалпы медицина факультетінің атынан шыққан «NaimanS» және медико-профилактикалық факультетінің атынан шыққан «MS» командалары, Кіші Залда  жалпы медицина факультетінің «2020» командасы мен фармацевтика факультетінің атынан… Read more »

2 желтоқсан Университет күндері аясында Көңілді тапқырлар клубының финалдық ойыны өтті

| 1-ші күн, Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2 желтоқсан күні сағат 12:30-да «Concordia» театрында Көңілді тапқырлар клубының факультетаралық финалдық ойыны өтті. Финалдық ойынға жолдама алған 5 команданың ішінде І – ші орынды жеңіп алған жалпы медицина факультетінің «Жайдарлы жандар» командасы. ІІ-ші орынды фармация факультетінің «Фармацевтер» командасы, ІІІ-ші орынды медициналық профилактикалық іс  «Еркетайлар» командасы жеңіп алды.   Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы

2 желтоқсан Университет күндері аясында театр актерлерімен кездесу ұйымдастырылды

| 1-ші күн, Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2 желтоқсан күні «Concordia» театрында арнайы шақырылған Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық балалар  мен  жасөспірімдер  театрының актерлерімен кездесу өтті. Олар: Бектауов Сүндет — Республикалық әнші-актерлар конкурсының лауреаты, Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актеры; Жантілеуова Аида Ізғалиқызы — ІІІ Орта Азия елдері Халықаралық театр фестивалінің лауреаты, Ғ.Мүсрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар… Read more »

2 желтоқсан Университет күндері аясында Студенттік қатарға қабылдау рәсімі өтті

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2 желтоқсан күні сағат 10:00-де «Concordia» театрында Студенттік қатарға қабылдау рәсімі өтті. Студенттік қатарға қабылдау рәсіміне барлық факультеттердің 1 курс студенттері қатысты. Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы

Университеттің Студенттік Үкіметін ұлықтау рәсімі

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2012 жылдың 2 желтоқсан күні сағат 9:00-де «Даңқ залында» 2 жылға сайланған Университеттің Студенттік Үкіметін ұлықтау рәсімі өтті. Университеттің Студенттік Үкіметін ұлықтау рәсіміне Қырғызстан Республикасынан келген студенттер қатысты.   Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы  

2 желтоқсан Университет күндері аясында флеш-моб өтті

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2 желтоқсан күні сағат 8:30-да ректорат алаңында Университеттің Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен флеш-моб өтті. Студенттер күнінің ашылуына арналған флеш-мобқа 40 студент қатысты. Қолдаушы ретінде факультеттерден 500 студент қатысты. Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту басқармасы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

| ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы, Хабарландыру, Хабарландыру.

2012 жыл 24-ші қараша күні М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік акдемиялық драма театрында Көрнекті режиссер, КСРО халық артісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтің туғанына 80 жыл толуына арналған іс-шара өтеді. Шараға КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Сәбит Оразбаев, Қазақстанның халық артистері Нүкетай Мышпаева, Торғын Тасыбековалар қатысады. Шараның басталуы… Read more »

Құрметті оқытушылар, студенттер!

| ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы, Хабарландыру, Хабарландыру.

«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні» мемлекеттік мерекесі аясында 2012 жыл 1 желтоқсан күні сағат 11:00-де  «Медеу» биік таулы спорт кешенінде мерекелік шара және еліміздің белгілі спорт шеберлерінің қатысуымен түрлі  спорт ойындарынан жарыстар өтеді. «Медеу» биік таулы спорт кешеніне барушыларды Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов пен Абай көшелерінің қиылысында сағат 09:00-ден… Read more »

Студенттік театрға кастинг

| Жаңалықтар, ҚазҰМУ-дың Әлеуметтік-тәрбие жұмысы, Хабарландыру.

Назар аударыңыз!             С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің әкімшілік тарапынан  жылдан-жылға, студенттердің оқу-тәрбие ісін жоғары деңгейге көтеруде ауқымды жұмыстар жасалуда және қарқынды түрде өсуде. Студенттердің  әлеуметтік-мәдени жағдайын,  эстетикалық талғамын дамыту мақсатында осы жылы кәсіби шығармашылық мамандармен, атап айтқанда режиссер, хореограф, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшілері жұмысқа тартылып отыр. Университетімізде ұлттық аспаптар ансамблі, драма үйірмесі, пантомима,… Read more »