Кафедра және модуль меңгерушілеріне арналған семинар

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар, Хабарландыру.

ОӘЖД-гі 2013 жылдың 25 маусымында жаңадан тағайындалған кафедра мен модуль меңгерушілеріне  арналған кафедрадағы оқу-әдістемелік, тәрбие, ғылыми және клиникалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша семинарлар ұйымдастырады. Өткізілетін орны: М.Мәметова атындағы №1дәрісхана Семинарға барлық кафедра және модуль меңгерушілерін шақырамыз.

Республикалық «Қазақстанның медициналық білімінің Болон үдерісіне кірігуі» ғылыми-практикалық конференциясы өз мәресіне жетті

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

2013 жылдың 25 мамырында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде Халықаралық деңгейдегі өкілдердің қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық «ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ  БІЛІМІНІҢ БОЛОН ҮДЕРІСІНЕ КІРІГУІ» конференциясы өткізілді. Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылы өткізілуі тиіс ғылыми-практикалық конференциялар тізіміне енгізілген. Конференцияда Қазақстанның жоғары оқу орындарында  Болон үдерісі ұстанымдарының енгізу нәтижесі,  ҚазҰМУ-дағы білім берудің кредиттік жүйесінің енгізілуі талқыланып,… Read more »

Биік мінберде өзекті мәселе талқыланды

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

2013 жылдың 11 сәуірінде елдордада халықаралық «Қазақстан Республикасында жоғары білімді қамтамасыз ету жүйесі: Болон процесіндегі жаңа сын-қатерлер» конференциясы өткізілді. Жоғары білім сапасын қамтамасыз ете отырып, ұлттық жүйені жетілдіру және инновациялық тұрғыдан тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген шараға Харутюнян Гаяне (Болон процесін жүзеге асыру боынша жұмыс тобы хатшылар алқасының жетекшісі), Колик Тук (EQAR хатшылар алқасының директоры), Тови… Read more »

Құрметті әріптестер!

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті халықаралық деңгейдегі өкілдердің қатысуымен өткізілетін республикалық «Қазақстанның  медициналық  білімінің Болон үдерісіне кірігуі» атты ғылыми-практикалық конференцияға шақырады. Өткізілетін орны: 2013 жыл, 25 мамыр Алматы қаласы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Concordia» театры (Бөгенбай батыр көшесі 149, Масаншы көшесінің қиылысы). Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылы өткізілуі тиіс ғылыми-практикалық конференциялар тізіміне енгізілген. Конференция… Read more »

«Үздік аудармашы» байқауының жеңімпазы

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

Алматы қаласының Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес мемлекеттік тілде іс жүргізетін аудармашы мамандар арасында «Үздік аудармашы» қалалық байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты құжаттарды қазақ тілінде рәсімдеудің және мемлекеттік тілде іс жүргізудің сапасын арттыру болып табылады. Байқау аудандық және қалалық деңгейде… Read more »

Құрметті университетіміздің қонақтары, оқытушы-профессорлар, студенттер!

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Департаменттер, Жаңалықтар, Хабарландыру.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!!! Көкте күні күлімдеп, жерде нұры дірілдеп, ырыс-бақ, құт боп көптен күткен көктем, жыл басы – Наурыз келді! Наурыз – ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы! Баршаңызға, әр жанұяға, әр қазақстандыққа шын жүректен, шынайы көңілмен бақ-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз бақытты… Read more »

Вадим Сергеевич Аванесов

| АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ДЕПАРТАМЕНТІ, Жаңалықтар.

2013 жылдың наурызында Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаменті педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Вадим Сергеевич Аванесовты шақырды. 1 және 20 наурыз аралығында Вадим Сергеевич Аванесов «Разработка объективной методики оценки уровня развития клинических навыков у студентов медицинского вуза на основе метрического и математико-статистического подходов» оқыту семинарын және университеттің оқытушы-профессорларына мастер-кластар өткізеді. Оқыту аяқталған соң оқытушыларға сертификат беріледі. ОӘЖД… Read more »

Аяулы ханымдар!

| Жаңалықтар.

Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!  Көктем шуағымен ілесе келетін, осынау  бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің символы іспеттес. Қымбатты әйелдер қауымы! Жер-жаһанның жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй… Read more »

МЕРЕЙТОЙЫҢЫЗБЕН!!!

| Жаңалықтар, Жаңалықтар.

2013 жылдың 8 наурызында Оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры, «Талант 2012-2013» сыйлығының иегері Абирова Мейрамгүл Айтбайқызының мерейлі мерейтойы! Құрметті Мейрамгуль Айтбайқызы!  Сіз ұзақ жылдар бойы өз саласының кәсіби білікті маманы ретінде дәрігер-мамандарды дайындауда ұлан-ғайыр еңбек атқарып келесіз. Сізден тәлім-тәрбие алған жас мамандарымыз бен түлектеріміз бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің нығаюына, мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Университетімізді өркендету… Read more »

Оқу-әдістемелік жұмыстар депортаментінің жаңалықтары

| Жаңалықтар.

2013 жылдың 28 ақпанында ҚазҰМУ қызметкерлеріБарселонаЖоғары менеджмент мектебінің директоры Т.Н.Компаниецпен кездесті. Graduate School of Management(GSM ) –ол өз тәжірибесінде көптеген  әлемдiк  инновациялық магистерлiк, қаржы, менеджмент, экономика, саласында бизнес бағдарламаларын ұсынатын еуропадағы үздік жоғары оқу орны болып табылады. GSM  көптеген Шығыс және Батыс Еуропаның Университеттерінің және түрлі еуропалық компаниялардың серіктесі болып табылады. Барлық оқу курстары практикалық… Read more »