БСЗБжМБРҒН ОРТАЛЫҒЫ

БІЛІМ САПАСЫН ЗЕРТТЕУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ РЕФОРМАСЫН ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ ОРТАЛЫҒЫ (БСЗБжМБРҒН)

Білім сапасын зерттеу, бақылау және медициналық білім реформасын ғылыми тұрғыда негіздеу орталығы (БСЗБжМБРҒН) С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың инновациялық құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми кеңес шешімінің (23.09.2010ж. №1 хаттамасы)негізінде құрылған және 2013 жылдан бастап Университетті дамыту институтының құрамына кіреді. 2013 жылдан бастап БСЗБжМБРҒН орталығында Университеттің Ұлттық рейтингтерге және халықаралық QS WUR рейтингіне қатысуын үйлестіретін «Аккредиттеу және рейтинг тобы» құрылды.

Орталықтың басшылығы:1

  • 2010-2011 ж.ж. АбировМейрамкульАйтбаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты.
  • 2011-2014 ж.ж.Сарсенбаева Сауле Сергазиевна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер.
  • 2014 жылдың қараша айынан бастап Қилыбаев ТалғатБерікқазыұлы, социологиялық ғылымдардың магистрі, философиялық ғылымдардың PhD докторы.

 

2014 жылы БСЗБ ж МБРҒН орталығының штаттық құрылымы:

  1. ҚилыбаевТалғатБерікқазыұлы, директор
  2. Умарова Макпал, аға әдіскер
  3. ҚаржаубаеваАрайлым Мұхамедханқызы, аға әдіскер
  4. АуесбековаМакпалКосылбекқызы, әдіскер (0,5)
  5. Юсупов Рустам Рахимович, аккредиттеу және саралау бойынша сарапшы (0,5ст.)
  6. ТорежановаНазира, аккредиттеу және саралау бойынша сарапшы (0,25)

 

2БСЗБ ж МБРҒН орталығының аккредиттеу және рейтинг тобымен мекен – жайы

ҚазҰМУ, INTRO III,  тел. 338 70 56, e-mail:  [email protected]

Жұмыс кестесі 9.00-18.00, түскі үзіліс13.00-14.00

Демалыс күндері – сенбі, жексенбі

Өтініш, пікірлеріңіз бен тілектеріңізді жоғарыда көрсетілген электронды мекен-жайға жіберулеріңізге болады.

3

Қилыбаев Т.Б.

БСЗБ ж МБРҒН орталығының директоры

тел. 338 70 56,  iPECS.7518

e-mail:  [email protected]

4

Қаржаубаева Арайлым

Аккредиттеу және рейтинг тобының аға әдіскері (топ жетекшісі)

тел. 338 70 56 , iPECS.7517

e-mail:  [email protected]

 5

Умарова М.А.

БСЗБ ж МБРҒН орталығының аға әдіскері

тел. 338 70 56 , iPECS.7516

e-mail:  [email protected]

 6

Ауесбекова М.К.

БСЗБ ж МБРҒН орталығының әдіскері

тел. 338 70 56

e-mail: [email protected]

БСЗБ ж МБРҒН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Орталық қызметінің стратегиялық бағыты сыртқы және ішкі еңбек нарығында медициналық бағдардың жоғары құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандарын қалыптастыру және білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатымен оқу үдерісін  басқару түрлерін кезеңдік жетілдірудің нақты траекторияларын анықтау болып табылады.

БСЗБ ж МБРҒН орталығы өз қызметін келесідегідей негізгі бағыттар бойынша атқарады:

1) университеттегі жоғары медициналық білім беру сапасын бақылау;

2) ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін дамыту бойынша ұсыныстар мен стратегияларды өңдеу арқылы және әлемнің ЖОО-ның оқу үдерістерінің технологияларын зерттеу арқылы  оқу үдерісін ғылыми негіздеу;

3) ғылыми мақалалар, конференцияларға, жобалық жұмыстарға қатысу жолымен білім беру ұйымдарымен және халықаралық ассоциациялармен кәсіби ынтымақтаста болу.

Аккредиттеу және рейтинг тобы келесідегідей міндеттерді атқарады:

  • Білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден және институционалды аккредиттеуден өткізу бойынша техникалық даярлық және жұмысты үйлестіру;
  • Ұлттық рейтингтерде Университеттің қатысуын әдістемелік негіздеу;
  • Университеттің әлемдік университеттер рейтингінің ТОП-700 қатарына кіруінің стратегиясын өңдеу және даярлық кезеңін әдістемелік негіздеу.

БСЗБ ж МБРҒН орталығының жүргізетін институционалдық зерттеу үдерісі мынадан тұрады:

  1. Университеттегі білім беру үдерісінің сапасын жақсарту мақсатында жүйелі зерттеулер
Зерттеу тақырыптары Респонденттер құрамы Жүргізу мерзімдері
1 Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының сапсына білім алушылардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау Білім алушылар (топтың, студенттердің, интерндердің фокустары) Бір жылда 2 рет,желтоқсан/мамыр
2 ҚазҰМУ түлегін даярлаудың деңгейін анықтау Жұмыс берушілер Жыл сайын,наурыз-сәуір
3 Университеттегі оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстар оқытушыларбілім алушылар әкімшілік Жыл сайын,мамыр
  1. Оқу жылында қалыптасқан тақырыптарда университет бөлімшелерінің сұраныстары бойынша зерттеулер (ректор, Оқу департаменттері, ОӘЖД, деканаттар).
Зерттеу тақырыптары Сұраныс берушілер Респонденттер құрамы
1 Бастамалық бақылаулық зерттеулер БСЗБжМБРҒН орталығы оқытушыларбілім алушылар әкімшілік
2 Білім алушылардың on-line дауыс берулері БСЗБжМБРҒН орталығы оқытушыларбілім алушылар әкімшілік
  1. ҚазҰМУ-дағы білім беруді дамыту стратегиясын өңдеу және оқу үдерісін жетілдіру бойынша нұсқаулықтар (стратегиялар, концепциялар, жүзеге асыру жоспарлары, жұмысты ұйымдастырулар туралы нұсқаулық).
  2. Институционалдық зерттеулер нәтижесі туралы конференциялар мен мәжілістерде баяндамалармен, ҚазҰМУ сайтында, «Шипагер» газетінде жарияланатын мақалалар түрінде мүдделі қоғамды және ҚазҰМУ қызметкерлерін хабардар ету.
  3. Әлемнің және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен кәсіби ынтымақтастық жүргізу (ғылыми жариялымдар, конференцияларға қатысу).

 

БСЗБ ж МБРҒН орталығыныңқызметтерінің көрсеткіштері

(аккредиттеу және рейтинг тобын қоса отырып)

2010-2014ж.ж. 31оқу үдерісін бақылау жүргізілді, оның ішінде 10 бақылау Ғылыми кеңесте қаралды. 2012 ж. әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін жұмыс берушілер бойынша еңбек нарығында ҚазҰМУ түлектерінің бәсекеге қабілеттіліктеріне және сұранысқа иеліліктеріне, сонымен қатар, Университеттегі жемқорлық мәселелеріне ғылыми-негізделген баға беруге ОФ Транспаренси Казахстан және «DAMU Research Group» агенттіктері тартылды.

ОӘЖД, Клиникалық жұмыстар департаментімен және ҚДСМ-мен бірлесіп университетішкілік грант бойыншаоқу жобалары орындалды:

  1. «Медициналық университет түлегінің құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген оқу бағдарламаларын өңдеу және енгізу»(орындау мерзімі: сәуір-желтоқсан 2011ж.).
  2. «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Болон үдерісі білім беру сапасы ретінде» (орындау мерзімі: сәуір-желтоқсан 2012ж.).
  3. «Дарындар Университет қызметінде» (орындау мерзімі: наурыз-желтоқсан 2013ж.).
  4. «Қазақстан-2050 стратегиясы – өңдеу, енгізу және креативтік технологияларды дамыту арқылы жүзеге асыру» (орындау мерзімі: наурыз-желтоқсан2013ж.).

ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде талқыланған оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша БСЗБ ж МБРҒН орталығының ұсыныстары

  • ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісіне сәйкесбакалавр құзыреттерін бағалау жүйесі(ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 27.09.2011 ж.№ 2 хаттама).
  • ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісіне сәйкес білім алушылардың құқықтық құзыреттерін қалыптастыру тұжырымдамасы(ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 25.10.2011 ж.№ 3 хаттама).
  • Оқу департаменті, Оқу департаментінің директоры, Оқу бағдарламалары комитетінің төрағалары ережесіне өзгерістер енгізу (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 29.11.2011 ж.№ 4 хаттама).
  • С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ факультеттерінде білім беру деңгейі бойынша дәстүрлі және белсенді оқыту әдістерінің (интерактивті) пайыздық қатынасы бойынша нұсқаулықтар (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 29.11.2011 ж.№ 4 хаттама).
  • «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ құрылымдық бірліктерін қалыптастырудың жаңа жолдары» атты Тұжырымдама(ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 27.12.2011 ж.№ 5 хаттама).
  • Интерндердің ҚазҰМУ-да алған білім сапасына қанағаттанушылық көрсеткішін анықтау нәтижесі және білім беру сапасын жақсарту бойынша нұсқаулықтар (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 24.01.2012 ж.№ 6 хаттама).
  • Интернатурадағы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі (интернатура деканатымен бірге, ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 24.01.2012 ж.№ 6 хаттама).
  • ҚазҰМУ-дың халықаралық Ассоциацияларға кіруі (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 28.02.2012 ж.№7 хаттама).
  • С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да «talking heads»тобын құру және қызметі туралы ұсыныстар өңдеу (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 24.04.2012 ж.№9 хаттама).
  • ҚазҰМУ-дың негізгі құндылықтары.
  • «Игі істер Аллеясы» туралы ереже (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 28.08.2014ж.№1 хаттама).
  • «ҚазҰМУ-халықаралық деңгейдегі университет» Тұжырымдамасы (ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген, 28.08.2014ж.№1 хаттама).
  • 2014-2015 оқу жылына арналған ҚазҰМУ-дың ұйымдастырушылық құрылымы.

 

БСЗБ ж МБРҒН орталығының бастамалары

БСЗБжМБРҒН орталығының бастамасымен ҚазҰМУ 2011 жылдан бастап университеттің рейтингтік көрсеткіші мен абыройына ықпал ететін 5 халықаралық Ассоциацияларға институционалды мүше болды – Еуропадағы медициналық білім беру Ассоциациясы (AMEE), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (EUA), Стоматологиялық білім берудің Еуропалық Ассоциациясы (ADEE), «Сібірлік ашық университеті» қашықтықтан білім беру сібірлік бірлестігі, Еуропаның медициналық мектептерінің ассоциациясы (AMSE).

БСЗБжМБРҒН орталығы Ассоциациялармен форумдар, жариялымдар, хат алмасу жолдары арқылы қатынас жүргізеді (Малайзия, Эстония, Ресей, Корея Республикасы, Сингапур, Тайпей).

 

БСЗБ ж МБРҒН орталығыныңбаспа қызметтері

Екі жыл барысында БСЗБжМБРҒН орталығымен«С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі» ақпараттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.  Құзыретті-бағдарланған медициналық білім беру үлгісіне арналған13 кітап топтамалары шығарылды.

  1. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: құзыреттер (2010ж.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар).
  2. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: бакалавр оқу бағдарламалары (2010 ж.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар).
  3. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: білім берудің түрлері мен әдістері (2010ж.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар).
  4. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: құзыреттерді бағалау әдістері (2010 ж.) (қаз., орыс тілдерінде бөлек кітаптар).
  5. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: қорытындылары, мәселелері, болашағы (орыс тілінде мамыр конференциясына шығарылды 2011 ж.)
  6. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі:түлектің тәжірибелік дағдылары (орыс тілінде кітап 2011ж.).
  7. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асыру. Білім берудің түрлері мен әдістері (қаз., орыс тілдерінде кітаптар 2011ж.).
  8. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі:студенттерді кәсіби даярлау үдерісіндегі құқықтық құзыреттерді қалыптастыру стратегиясы (қаз., орыс тілдерінде кітаптар 2011ж.).
  9. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: білім беру деңгейлері бойынша құзыреттерді бағалау (негізгі медициналық білім беру– бакалавр) (қаз., орыс тілдерінде кітаптар 2011ж.).
  10. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: интернатурадағы құзыретті-бағдарланған оқу бағдарламалары(орыс тілінде кітап, 2011ж.).
  11. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: болашақ дәрігерлер көзімен(қаз., орыс, ағылшын тілдерінде кітаптар 2012 ж.).

БСЗБжМБРҒН орталығымен, Коммуникативтік дағдылар орталығымен, Фармация оқу департаментімен тағы 2 кітаптың топтамасы әдістемелік басшылықпен басылып шығарылды:

  1. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: коммуникативтік дағдылар (орыс тілінде, 2011 ж.).
  2. ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісі: болашақ студенттер көзімен: заманауи жағдайы және фармацевтикалық білім беруді дамыту болашағы (орыс тілінде, 2011 ж.).
  3. «Дарындар Университет қызметінде» атты әдістемелік нұсқаулықтар (2013ж.).
  4. «Медициналық университетте тәжірибелік сабақтарды ұйымдастырудағы креативті тәсілдер» атты әдістемелік нұсқаулықтар (2013ж.).

БСЗБ ж МБРҒН орталығыныңақпараттық қызметтері

Мақсаты: Университет ұжымын өзекті ақпараттармен қамтамасыз ету

  1. «Әлемнің ТОП университеттеріндегі және ҚР медициналық ЖОО-дағы іс-шаралардың салыстырмалы мінездемесі» атты бюллетень. Жарты жылда бір рет шығарылады.
  2. «ҚазҰМУ Миссиясы» атты 2 тілде кітапша (орыс.ағыл., 2012 ж.).
  3. «Университеттердің әлемдік рейтингі» атты кітапша (Тамыздық оқуларға шығарылды, 2013 ж.)
  4. «ҚазҰМУ оқытушыларының қызметтік тиімділіктерінің негізгі көрсеткіштері» атты кітапша (Тамыздық оқуларға шығарылды, 2013 ж.).
  5. «2012-2013 оқу жылында жеткен жетістіктер және Университеттің жаңа оқу жылына қойған негізгі бастапқылары» атты кітапша (Тамыздық оқуларға шығарылды, 2013 ж.).
  6. «2013-2014 оқу жылының қорытындылары: дамыту міндеттері және болашағы» атты кітапша (Тамыздық оқуларға шығарылды, 2014ж.).
  7. «ҚазҰМУ-дың жалпы медицина, фармация, стоматология факультеттерінің студенттеріне жүргізілген сауалнама нәтижелері туралы есебі: «факультетте 2013-2014 оқу жылында оқу бағдарламалары мен оқу үдерісіне қанағаттанушылық»» атты кітапша (маусым 2014ж.)
  8. «Данди университетіндегі және Ұлыбританиядағы білім беру» атты кітапша ҚазҰМУ-ға келген серіктес-университет делегациясына шығарылды (қазан 2014 ж.).
  9. «ҚазҰМУ-дың бір жылдық есебі» атты кітапша жыл сайын шығарылады.
  10. «Университет Күндерінің қорытындысы» атты кітапша (2012, 2013 ж.ж..).

АККРЕДИТТЕУ ЖӘНЕ РЕЙТИНГ ТОБЫ

Қызметтің көрсеткіштері

 

Институционалды аккредиттеу

2012-2013жж. ҚазҰМУ 5 жыл мерзімге(12.03.2013 – 12.03.2018 жж.). АРТА (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі ) тәуелсіз сарапшыларының қатысуымен институционалды аккредиттеуден өтті.

ҚазҰМУдың Ұлттық рейтингтерге қатысуы

  1. Бакалавриат мамандықтары бойынша ҚР университеттерінің ұлттық рейтингі -2012(ҚР БжҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы):
Мамандықтың шифры Мамандықтың аты Рейтингте алған орны
5В110300 «Фармация» 1 орын
5В130200 «Стоматология» 1 орын
5В110100 «Мейірбике ісі» 1 орын
5В130100 «Жалпы медицина» 1 орын
5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2 орын
  1. Бакалавриат мамандықтары бойынша ҚР университеттерінің ұлттық рейтингі -2013

(ҚР БжҒМ Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы):

Мамандықтың шифры Мамандықтың аты Рейтингте алған орны
5В110300 «Фармация» 1орын
5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 1орын
5В130200 «Стоматология» 1орын
5В110100 «Мейірбике ісі» 1орын
5В130100 «Жалпы медицина» 1орын

ІІІ. Бакалавриат мамандықтары бойынша ҚР университеттерінің ұлттық рейтингі –2014(ҚР БжҒМ Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы)

с (медицина)
5В110100Мейірбике ісі
1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 711.11
2 Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті 451.82
3 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 325.80
5В110200 Қоғамдық денсаулық сақтау
1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 802.76
2 Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті 583.64
3 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 466.00
5В110300 Фармация
1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 740.66
2 Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 581.83
3 Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті 245.06
4 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 240.14
5 «Болашақ» Қарағанды университеті 107.04
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)
5B130100 Жалпы медицина
1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 754.55
2 Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті 514.12
3 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 438.69
4 Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық  Қазақ-Түрік университеті 266.28
5B130200 Стоматология
1 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 968.75
2 Семей қаласының Мемлекеттік медицина университеті 227.87
3 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 175.52
4 Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық  Қазақ-Түрік университеті 73.63
  1. Мамандықтар бойынша ҚР университеттерінің рейтингі-2014

      (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, АРТА, 2014 ж.)

Мамандықтың шифры Мамандықтың аты Рейтингте алған орны
6D110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 1орын
6M110300 «Мейірбике ісі» 1орын
6M110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 1орын
6M110500 «Медикалық-профилактикалық іс» 1орын
6M110100 «Медицина» 2орын
5В110300 «Фармация» 1орын
5В130200 «Стоматология» 1орын
5В110100 «Мейірбике ісі» 1орын
5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2орын
5В130100 «Жалпы медицина» 2орын
  1. ҚазҰМУҚазақстан медициналық университеттерінің ұлттық рейтингінде-2014 1-ші орынға ие болды. Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің рейтингі. Астана, 2014 ж. (IQAA).

ТМД елдерінің университеттерінің Ұлттық бизнес рейтингі. ҚазҰМУ үздік университеттерінің ТОП-35 қатарына кірді және «Қазақстан көшбасшысы» белгісіне ие болды (ОКЭД 85.42.0), ҰБР, Астана, 2013 ж.