BMJ Британия Медицина журналы




18.09.2013

2013 жылдың 15 қыркүйегінде университеттің Тест орталығында Британия Медициналық журналының тегін онлайн ресуртарын көрсетуге арналған семинар-тренинг өткізілді. Семинарға университет ректоры Ақанов А., оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Тулебаев Қ.А., оқу-әдістемелік жұмыстар департаментінің директоры Абирова М.А., оқу департаменттерінің директорлары, факультет декандары қатысты. Семинарда журналдың ресурстарын пайдалану, оған тіркелу туралы нұсқаулық көрсетілді. Сонымен қатар ондағы оқу модулдерін аяқтап тегін сертификат алу мүмкіндіктері бар екені де айтылды. Ағылшын тілінде ұсынылған материалдар тілдік біліктілікті арттыруға ықпал етері сөзсіз.

Құрметті оқытушы-профессорлар және қызметкерлер! Назарларыңызға Британия Мединалық журналының онлайн-ресурстарын пайдалану барысында көмек көрсететін ақпараттық бірнеше презентацияны ұсынып отырмыз. Мұнда журналға тіркелу, оны пайдалану, материалдарды көшіруге арналған нұсқаулықтар бар.

 

Journals 2013_rus

BMJ Learning 2013_rus

BMJ Learning 2013_rus

Оқу-әдістемелік жұмыс департаменті