Марал Аскаровна

26 Dec 2014  |  Опубликовано в Вопрос

Вопрос ректору

От: Марал Аскаровна <[email protected]>

Тема вопроса: От сотрудника

Вопрос:
Құрметті Айқан Ақанұлы!
Сәлеметсізбе! Менің білейін дегенім, 1-желтоқсанға премия тек басшыларға берілді. Ал қарапайым қызметкерлерге ұшы да көрінбеді. Ал, Тәуелсіздік күніне арналған мерекеде өзіңіз уәде бергендей 2 премияның аталғаны болмаса оның да қарасы көрінетін түрі жоқ. Көптеген құрылым басшылары мен бөлім басшылары тек өзіне ұнайтын қызметкерлеріне сыйақы жазып, қалған қарапайым қызметкерлердің күні не болмақ? Оқытушы профессорлық құрам KPI- арқылы премия алса, тьюторлар премия алса, әкімшілік қызметкерлерді кім ойлайды? Әрине басшыларға бәрібір, айтсаң сүйкімің кетеді, айтпасаң жағдайымыз жақсаратын түрі жоқ. Ашынған қызметкерлер Президентке шағымдана алмайды деп ойлайдыма? Себебі, Президентіміздің қосқан 10 пайыз еңбекақыны көтеру үкімі орындалмаса, ең болмаса 13 еңбекақы төленбесе, не премияны дұрыстап бермесе біздің университетіміздің қызметкерлерінің күйі не болмақ? Тек басшылар мен басшыларға ұнайтын қызмекерлер ғана премия алса, әділдік қайда қалды?
Сіздің айтқан сөзіңізді орындайтыныңызға сенімім мол, алайда басшылар тарапынан қызметкерлерді екінші премияға ұсыну реті қарастырылмайды. Өзінің командасы арқылы басшы болып марқайып отырғанын сезінбейтін, қызметкерлерінің сөзін сөйлей алмайтын басшыларымыз да жетерлік.
Айқан Ақанұлы сіздің дұрыс шешім шығаратыныңызға сенеміз. Әкімшілік басқару қызметкерлерінің атынан.


_ _ _

Loading