Айгуль Марат

21 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:
Салеметсизбе курметти ректор мырза! Мен УБТ дан 75 балл жинадым. Билуимшебул балл типтиАсфендияровта акылыокуга да жетпейдиекен. Енди мен ШымкенттегиМедакадемияда 1семестр окып,келеси семестр сиздергеауысуымаболадыма? Баска университеттенАсфендияровкаауысуушинкандайталаптар бар?

Ответ:

Салеметсіз ба!

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің «ЖОО ауысу және қайта қабылдану ережесінің» ( №840  30.12.2017ж.)    5 тармағының, 38 тармақшасында  — «Жалпы медицина» мамандығына басқа мамандықтан ауысу кезінде ҰБТ немесе КТ сертификатының  80 балды құрау қажет екені көрсетілген. Студенттің  ҰБТ немесе КТ сертификатының  баллы  80нен асқан жағдайда,  жалпы медицина мамандығына ауыса алады.

Студенттердің  бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу рәсімі жазғы және қысқы естихан сессиясынан кейін жүзеге асырылады.

Студент басқа факультетке ауысатын кезде  тіркеуші кеңседен транскрипт   алып, факультет деканына өтініш жазады. Факультет деканы (әр курсқа жауапты декан орынбасары немесе тьютор) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын анықтайды. Егер студенттің пән айырмашылығы 4 пәннен аспаған жағдайда және пререквезит пәндерін өтеуіне байланысты  курсы анықталады.

 


_ _ _

Loading