Tuesday February 18th, 2020 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за February 18th, 2020

Айдана Лиманова

18 Feb 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Сәлеметсізбе Талғат Сейтжанұлы! Мен психиатрия мамандығы бойыншы резидентураға грантқа 2017 жылы түсіп, 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қыркүйек айына дейін бала күтіміне байланысты академ отпуск алдым. Шәкіртақы заң бойынша барлық универлерде сессиядан кейін беріледі екен. Мен екінші курсты оқып жалғастырған кезде Тағы да заң шықты біз сессиясыз қыстық демалыссыз екінші курсты тамамдайды екенбіз!!! Яғни мен мүлдем екінші курс бойы шәкіртақы алмаймын! Сұрақ: Неліктен бала күтіміне байланысты академ алса оқудың 8 ші жылында, неліктен балалары бар резиденттерге керісінше көмек көрсетілмейді? Неліктен сессияның қорытындысын қарайды, мен 1 ші курсты 1 ғана 4 қалғанын 5 ке жауып кеттімғой, неліктен соның нәтижесімен жалғастырып шәкіртақы бере бермейді? Неліктен менде жұмыскер ретінде стажым жүріп жатады бірақ мен жалақы ала алмаймын? Неліктен сессиясы жоқ 1 жылға 1 ақ семестр?

Жауап:
Құрметті Айдана Лиманова!
Академиялық демалыстан оралған резиденттерге жарты жылдық аралық аттестация қарастырылған. Аталған аттестация 2020 жылы 21 ақпанда өтеді, оның нәтижесі бойынша резиденттерге стипендия тағайындалады