Июль 2019 - Страница 2 из 2 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2019

Фарида Ельтаева

02 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос: 

Здравствуйте,хотели на платные обучение поступить. Цены не написаны!!! 

 

Ответ:

Добрый день!

Тарифы на 2019-2020 учебный год  на сайте kaznmu.kz. можете посмотреть по ссылке   !!!!!!!!!!!!!  






Злиха Сисенгалиева

01 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Саламатсыз ба? Осы оқу жылына бөлінген грант сандары туралы мәліметтерді қайдан білуге болады (медицина мамандықтары бойынша) Және биыл гранттар білім саласы бойынша бөлінеді деп көрсетілген. Осы бойынша толық ақпарат берсеңіз.

Ответ:

Қайырлы күн!

Мемлекетік тапсырыс бойынша гранттар саны туралы ақпаратты ҚазҰМУ сайтынан таныса аласыз: https://kaznmu.kz/rus/%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%82%d1%82%d1%96%d0%ba-%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%81%d1%8b%d1%80%d1%8b%d1%81/

2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.

Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының                    97 тобы бар.ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:

Математика Физика
Математика География
Биология Химия
Биология География
Шет тілі Дүниежүзі тарихы
География Шет тілі
Дүниежүзі тарихы Адам. Қоғам. Құқық
Дүниежүзі тарихы География
Қазақ тілі/ Орыс тілі Қазақ әдебиеті/ Орыс әдебиеті
Химия Физика
Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан

Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.

Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында:

1) «Химия мұғалімдерін даярлау»;

2) «Биологиялық және сабақтас ғылымдар»;

3) «Ветеринария»;

4) «Жалпы медицина» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.

Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.

Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, Сіз білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.

Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде Сіз «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай аласыз.






Макпал Дуйсенбекова

01 Jul 2019  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, От абитуриента

Вопрос:

Салеметсіз бе ,менің сіңілім Алматы қаласындағы Абай атындағы дарын мектебін Алтын белгіге бітіріп еді,өкінішке орай Ұбт дан 88балл алып калды,ата-аналары ажырасып кеткен еді,сіздердің тараптарыңыздан ректорлық грантқа түсуге мүмкін бола ма,жалғызілікті анасы бар.Сізден өтініш сұрап отырмын. Сізден жақсы хабар аламын.Рахмет.

Ответ:

Қайырлы күн!

ҚазҰМУ-да Ректорлық грант қарастырылмаған. Бірақ Сіз республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру КОНКУРСЫНА қатысуыңызға болады.

2018 жылғы 31 қазандағы № 600 ҚР БжҒМ бұйрығымен  (ҚР БжҒМ 14.06.2019 жылғы № 269 бұйрығымен бекітілген өзгерістер) бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде» жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының келесі топтары:

  • «Жалпы медицина»
  • «Педиатрия»
  • «Стоматология»
  • «Мейірбике ісі»

бойынша оқуға түсу үшін екі емтихан тапсыру керек:

1) психометриялық тестілеу түрінде арнайы емтихан;

2) Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (ҰБТ).

2019 жылдың 20 маусымы мен  7 шілдесі аралығында психометриялық емтиханнан өту үшін өтініштер қабылданады.

Психометриялық емтиханды Қазақстан Республикасындағы кез келген МЕДИЦИНАЛЫҚ жоғары оқу орындарында және медициналық факультеттері бар жоғары оқу орындарында тапсыруға болады.

Психометриялық тестілеу тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:

  • жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
  • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • ҰБТсертификаты (бар болса);

Психометриялық емтихан 2019 жыдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Арнаулы емтихан «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» деген нысанда бағаланады.

Психометриялық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдайтын оқу орына ұсыну үшін ведомосынан үзінді беріледі.

Күнтізбелік жылда психометриялық тестілеуді қайта тапсыруға  РҰҚСАТ БЕРІЛМЕЙДІ.

Республикалық Конкурсқа өтініштерді қабылдау мерзімі 13 мен 20 шілде аралығы, Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО- акимат) комиссиясының отырыстары жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру үшін 5- 10 тамызға дейін.