Декабрь 2017 - Страница 4 из 4 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за December, 2017

Гүласыл Әлімжан

11 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Сәлеметсіз бе, Талғат Сейітжанұлы?! Менің сізден сұрайын дегенімТәуелсіздік күніне орай біздің университеттің студенттеріне қанша күн демалыс беріледі? Алдын-ала айқындалмаған ақпараттың жоқтығынан алыс аймақтарға билет ала алмай отырмыз…
Рахмет!!

Жауап:

Тәуелсіздік күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттеріне 2017 жылдың 16,17,18,19 желтоқсан күндері демалыс күндері деп есептеледі. 08 желтоқсан 2017 жылғы № 191өкімге байланысты.






Алма Есентаева

11 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы, Перевод в КазНМУ

Вопрос:
Здравствуйте.
Возможно ли перевестись в ваш университет после первого семестра 1-го курса?
Не будет это проблематично?

Ответ:

Уважаемая Алма Есентаева!Согласно правилам перевода и восстановления обучающихся в КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова № 840 от 30.12.2016г.

п.9 Заявления обучающихся о переводе и восстановлении рассматриваются ректором в период летних и зимних каникул в течение пяти дней до начала очередного академического периода.

п.27 Обучающиеся по образовательному гранту или.государственному заказу в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова переводятся в другой вуз только на платной основе в порядке, регламентированном приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20.01.2015 г. № 19.

п.28 Перевод обучающихся из других вузов в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова осуществляется только на платной основе в порядке, регламентированном приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20.01.2015 г. № 19.

п.30 Студент, переводящийся из другого вуза РК в КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, должен иметь сертификат ЕНТ или КТ с баллами выше установленных нормативно-правовыми актами Министерства образования и науки Республики Казахстан по всем специальностям — на 10, а на специальность «Общая медицина» — на 20 и средний балл успеваемости не ниже установленного переводного балла в КазНМУ им. С.Д. Асфендиярова.

Подробную информацию о правилах перевода можно получить на сайте КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова, в рубрике «Нормативные документы».






Анонимно Анонимно

11 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
3 курс студенттерине ОСКЭ калай отеди? Кай пандерди тапсырамыз? 2 этап алындарма? Жаздык перецикл калдыма?

Жауап:

Кұрметті 3 курс студенті. Біз сіздің қай факультет студенті екеніңізді көрсетпегеніңізге байланысты сұрағыңызға нақты жауап беру қиындық туындатуда. Алайда әр пән бойынша силлабус сіздің АИС Сириус жеке кабинетіңізде жүктелген. Сізге қажетті пән бойынша емтихан туралы толық ақпарат сол пәннің силлабусында көрсетілген. Қосымша ақпаратты өзіңіздің факультетіңіздің декан орынбасарынан біле аласыз.

Жаздық семестр жөніндегі ақпарат та ҚазҰМУ сайтында «Нормативті құжаттар» «2017-2018 оқу жылына арналған оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі» атты құжатта көрсетілген.






Дескелді Әділ

04 Dec 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Ассалаумағалейкум! Құрметті Нұрғожин Талғат Сейтжанович.Мен 2018 жылғы түлекпін.Сұрағым сіздерде осы жылы жалпы медицинаға грантқа неше балл жинау керек?Ауылдық квота мен үздік аттестат қосқанда неше баллмен түсуге болады?

Жауап:

Құрметті Дескелді Әділ!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының  (Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 14.07.2016 № 405 қаулысымен өзгертілген) №4 пункті бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады;

№11 пункті бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген.

№43 пункті бойыша Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық емтихандарды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша –»Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» №58 Қаулысының (жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 26.07.2017 №446):

№6 пункті бойынша: Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың басым құқығы бар.

Бұл ретте, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.