Thursday September 7th, 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за September 7th, 2017

Турсынбаева Шахназ

07 Sep 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе, Талгат Сейтжанұлы. Мен АиГ мамандығы бойынша 1 курс резидентімін. Өткен жылы бала күтіміне байланысты академдік демалыс алдым. Академдік демалысқа шығуға өтінішті 4 қыркүйек күні жаздым. Биыл оқуды қайта жалғастырамын. Осы семестр стипендияға іліне алам ба? Бұйрық бойынша келесі семестрден аласың деді, алайда мен былтыр оқу жылы басталмай өтініштіжаздым. Мен отбасылымын, 2 балам бар, жолдасым резидентурада ақылы түрде оқиды. Өтініш, осы мәселеде маған көмектессеңіз…

 

Ответ:

Құрметті Шахназ! «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысының  2 тармақ 12 тармақшасына сәйкес

«Академиялық демалыстан келген резидентура тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия тағайындау және төлеу алдағы (кезекті) емтихан сессиясы немесе білім алушыларды аралық аттестаттау қорытындылары бойынша және оқу жоспарындағы айырмашылықтар болмаған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады».