Tuesday August 15th, 2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за August 15th, 2017

Мухаббат Карим

15 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Добрый день,уважаемый Талгат Сейтжанович. Я студентка 6 курса. У меня следующий вопрос,мы,студенты,слышали,что рассматривается вопрос о шестидневной учебной неделе,а так-же о двухсменном учебном дне. Хотелось бы узнать,какая форму обучения у нас сохранится?Многие студенты нашего университета и я в том числе,работаем после учебы,удачно совмещая ее с работой. Очень волнует этот вопрос,ведь у нас,у студентов огромные щатраты на жилье,продукты,одежду,транспорт и т.д. Хотелось бы знать,чего ожидать от нового учебного года и как планировать свой день. С уважением,Мухаббат Карим

Ответ:

Мухаббат Карим!

При переходе на 6 дневную учебную неделю, количество изучаемых дисциплин и количество часов не меняется, а перераспределяется на 6 дней. Учебный день студента будет составлять 6 часов по цикловой форме обучения с утра или после обеда в зависимости от количества   аудиторного фонда и количества штатов кафедр.






Гүлзада Сейлова

15 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Саламатсыз ба Талғат Сейтжанұлы.

Мен Фармация факультеті 3 курс студентінің анасымын. Жатахана жағдайын білгім келіп еді. Грант иегеріміз, академиялық үлгеріміде жақсы. Биыл жатахана бөлмелеріне 4 студенттен орналастырады деп естіп едік. Жалпы қандай жағдайларда жатахана беріледі?Қай уақытта және қайда хабарласуымыз керек?
Алдын ала рахмет.
Сейлова Гүлзада.

Ответ:

Сәлеметсіз бе,  Гүлзада Сейлова!

Студенттерге жатақханадан орын беру  төмендегі  критерийлерге сәйкес, комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады:

  1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге.
  2. I, II топ мүгедектеріне, бала кезінен мүгедек студенттерге (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
  3. Отбасылы студенттерге, егер де, олардың біреуінің немесе екеуінің де ата- аналары I, II топтағы мүгедек болған жағдайда  (нотариалды куәландырылған мүгедектігі туралы анықтамасы болған жағдайда).
  4. Көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге (нотариалды куәландырылған туу туралы куәлігінің көшірмесі болған жағдайда).
  5. Бір отбасынан шыққан студеттерге, егер де ата-аналары біреуі немесе екеуі Ауғаныстандағы соғысқа қатысқан немесе Чернобыльда қызмет атқарған болса.
  6. Студенттің ата-анасының екеуі де зейнеткерлер болған жағдайда.
  7. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан студенттерге.





Гулим Таир

15 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:

Cәлеметсізбе! Мен осы жылы жалпы медицина факультетіне оқуға түстім.   Жатақxана алу үшін қашан бару керекпін? қандай құжаттар керек?  1 курстарға оқу қашан басталады?

Ответ:

Сәлеметсіз бе!

Сізді  С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне оқуға түсуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

2017 жылдың   28 тамызы мен  3 қыркүйегі  аралығында   «ҚазҰМУдың жатақхана беру ережесіне негізінде» 1 курс қатарына қабылданған жатақханаға мұқтаж студенттерге  жолдама беріледі.  Жатақханаға орналасу кезінде жеке куәлігіңіз болу қажет.

2017-2018 оқу жылының  1 курс студенттеріне  сабақ 04.09.17ж. басталады.