Thursday June 13th, 2013 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June 13th, 2013

Дамир Мураткалиев

13 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Дамир Мураткалиев <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсізбе!Мен ҰБТ дан орыс тілінсіз 82 балл жинадым!Мен осы баллмен СЭС ке түсе алам ба?Және де бұл мамандыққа оқуды бітірген соң жұмыс табыладыма?

 

Сәлеметсіз бе, Дамир!

Медициналық-профилактикалық факультетінде екі мамандық бойынша білім алушылар оқып жатыр.

1. 5В110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша;

2. 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша.

82 балл жинапсыз, шын жүректен құттықтаймыз. Бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша түлектердің ҰБТ-ден жинаған баллының нәтижесін күту керек.

Сіздің сауалыңызға сәйкес 5В110400-«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша оқуды аяқтаған түлекке жоғары медициналық білім туралы диплом дәрежесі беріледі.

ҚР МЖМБС 6.08.021-2009 сәйкес, эпидемиология, коммуналды гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек гигиенасы, тағам гигиенасы, радиациялық гигиена, вирусология, бактериология, паразитология маманы ретінде дербес тәжірибелік қызметке жіберіледі.






Динара Канатбаева

13 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Динара Канатбаева <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсиз бе,Айкан Аканович мырза.Мен осы жылгы мектеп битируши тулекпин,УБТ-ден 78 балл алып едим,егерде ауылдық квота қосылса грант иегери болуыма мумкиндик бар ма?

Құрметті Динара Қанатбай!

Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың жоғарғы және төменгі баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.

 






Тұмар Бүркітбаева

13 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 Барлық мамандықтар бойынша алдын-ала 2013 жылы мемлекеттік білім грантын алудың жоғарғы және төменгі баллын анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.






Замира Жандарбекова

13 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Замира Жандарбекова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе,Айкан Аканұлы.Менің сұрайын дегенім,сіңлім осы жылы мектеп бітірді,ҰБТ-леу нәтижесінде жалпы баллы-111, грант иегері бола ала ма,және кай мамандықпен??? алдын ала рахмет,осы оқу орнын таңдап отыр..

Құрметті Замира Жандарбекова!

Барлық медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранты ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен анықталады. Сіңіліңіздің қандай да бір мамандық бойынша грант иегері екенін алдын-ала анықтау мүмкін емес, өйткені бұл бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша ҰБТ нәтижесіне және біздің Университетке түсу үшін өтініш білдірген абитуриенттердің санына байланысты. 2012 жылы ҚазҰМУ-дың ақылы бөліміне оқуға түсудің өтпелі баллы 70 болды.

 






Ерман Дастан

13 Jun 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

 

Вопрос ректору
От: Ерман Дастан <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Ассалаумағалейкум,Ақанов Айқан Ақанұлы! Менің сізге қояр сұрағым бар еді. Мен 2012 жылы ҰБТ тапсырған едім, ҰБТ-дан 97 (орыс тілінсіз 74 балл)балл жинадым. Грантқа конкурсқа ең бірінші «Жалпы медицина» мамандығына жазғанмын, алайда, грантқа басқа «Агрономия» мамандығына (А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетіне) оқуға түстім. Грантқа 5 балл жетпеді. Мен 2013 жылғы Кешенді тестілеу тапсырып, тағы да өзімнің бағымды сынағым келеді. Бірақ, мені алаңдататыны — Кешенді тестілеуге грантқа конкурсқа түсу үшін  міндетті түрде қазі
ргі  оқып жатқан «Агрономия» мамандығы грантынан бас тартуым керек пе??? Әлде, аттестатымды ғана алып «Жалпы медицина» мамандығына грант үшін конкурсқа түсе аламын ба??? Өтініш, жауап берсеңіздер!!!

Құрметті Ерман Дастан!

Сіз Кешенді тест тапсырып, «жалпы медицина» мамандығы бойынша конкурсқа қатыса алатын едіңіз, егер орта мектепті бітіргеніңіз туралы аттестатыңыз қолыңызда болса. Бірақ Сіз былтырғы жылы Қостанай мемлекеттік университетіне оқуға түссеңіз, қазір сол университеттің студентісіз. Сіздің аттестатыңыз сіз оқу бітіргенше сол университеттің құжаты болып табылады.