Июль 2011 - Страница 3 из 10 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2011

От студента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: каралгаш монголхан

Саламатсызба құрметті Айкан Аканович! менін айтайын деп отырғаным сұрақ емес. Мен 6 курс студентімін, осы университетке интернатурага документ тапсырып туспей калдым. Мен интернетурага түсү шарттарына наразымын. Адамның білімін бір сұрақ қою арқылы бағалай алмайсыз. Сонда Ұлттық университетке интернатурага түсу үшін 1 сұраққа жауап беру жеткілікті болғаны ма? Бұл әділетсіздік, біздің 6 жыл бойы оқығанымыз 1 тиын болып қалды, ал оқымаған адамдар қажетті адамның алдына түсіп жоғары балл алып кетті. Осы мәселені қарастыруыңызды өтінемін!!!!

Ответ:

Құрметті Қаралғаш!

Интернатураға қабылдау конкурсы 2010 жылдың 16 маусымындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 452 бұйрығымен бекітілген Интернатура туралы ережеге және ҚазҰМУ-дың Ғылыми Кеңесінің 24.05.2011ж. № 9 шешіміне сәйкес жүргізіледі және интерндерді даярлау сапасына қойылатын талаптарды арттыруға бағытталған.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

І. Тестілеу;

ІІ. Ситуациялық жағдайларға байланысты әңгімелесу;

ІІІ. Құжаттарды қарастыру (диплом қосымшасыың орташа баллы, ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу, университетте оқыған жылдарда конкурстарға және олимпиадаларға қатысуы, мақалалар).

Сіздің таңдаған мамандығыныңыз бойынша интернатураға қабылдау туралы шешім конкурстың барлық кезеңдерін және сіздің жеке жетістіктеріңізді ескере отырып шығарылып, 1 тамыздан кейін ғана университет сайтына жарияланады.

Мамандандық Конкурсқа қатысуға өтініш тапсырғандар Құжаттар мен қабылдау сындарының нәтижелерін қарастырғаннан кейін таңдалып алынған мамандыққа тіркеуге ұсынылғандар Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша ұсынылмағандар
Терапия 111 109 2
Хирургия 63 60 3
Акушерия және гинекология 60 60 0
Жалпы практикадағы дәрігер 55 55 0
Педиатрия 104 96 8
Балалар хирургиясы 18 12 6
Жалпы практикадағы дәрігер 69 67 2
Жалпы практикадағы стоматолог- дәрігер 45 45 0
ҚОРЫТЫНДЫ 525 504 21

Алдын ала жасалған қорытынды бойынша жалпы интернатураға конкурстық негізде 525 өтініш қабылданған. Оның 504-і қабылдауға ұсынылған, 21-і (4%) ұсынылмаған. Жасалған анализ бойынша, өздерінің балдарын (GPA-ға өту баллы, 6 жыл бойы оқыған балдың орташа көрсеткіші) растаған студенттер саны 96 %-ды құрап отыр. Яғни, сіздің шағымыңыздың еш негізі жоқ. Бір сұрақ негізінде емес, үш кезең бойынша өз білімдерін көрсете білгендер саны жеткілікті (96 %).

Таңдап алған мамандығы (хирургия, акушерия, педиатрия, т.с.с.) бойынша өтпеген талапкерлерге жалпы практикадағы дәрігер мамандығына конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар. Яғни, 2 тамызда әңгімелесу түрінде конкурс өтеді. Бұл сізге тағы бір мүмкіндік беріліп отырғанын көрсетеді.

Поисковые слова:

  • ситуациялық жағдайлар
  • ситуациялық сұрақтар
  • https://kaznmu edu kz/blog/category/вопросы-ответы/page/399/





От абитуриента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Саида Мамадалиева

Сәлеметсізбе. мен жалпы медицина және стоматология мамандықтарына ақылы оқудың суммасын білгім келеді.

Ответ:

Құрметті  Саида!

Жалпы медицина және стоматология факультеттерінің оқу ақысы жылына 770 700 теңгені құрайды.






От абитуриента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Фариза Есенгалиева
Тема вопроса: От абитуриента
Вопрос:
Здравствуйте Айкан Аканович. Я закончила 11 класс с аттестатом особого образца, на ЕНТ набрала 96 без казахского. Могу ли я рассчитывать на грант на стоматологический факультет? Какой проходной балл на грант? И если я вдруг поступлю на грант на Общую медицину, могу ли я перевестись на стом. фак? Возможно ли при этом сохранить свой грант?

Ответ:

Здравствуйте, Фариза!

Сейчас мы не можем с уверенностью сказать вам, каким будет проходной балл. Это станет известно после 1 августа. Тем не менее, баллы у вас, несомненно, высокие. Вам необходимо подать документы для участия в конкурсе до 31 июля.

Что касается сохранения гранта.

Согласно пункта 48 Приказа Министерства образования и науки РК от 9 декабря 2008 года № 638 «Об утверждении Правил перевода и восстановления обучающихся по типам организаций образования» перевод обучающегося с одной специальности на другую осуществляется только для обучения на платной основе. То есть сохранить грант вам не удастся. Поэтому я бы посоветовал вам подавать документы сразу на желаемую специальность, а не метаться потом из стороны в сторону. Хорошенько подумайте, и подавайте документы.

 

 






От абитуриента

26 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы






От сотрудника

25 Jul 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

От: Гаипжамал Кабдолдановна Адибаева <[email protected]>
Тема вопроса: От сотрудника
Вопрос:
Құрметті Ақан Айқанович! Мен университетте 2004 жылдан бері жұмыс істеп жүрмін, Фармацияны ұйымдастыру және экономикасы және дәрілік қалыптар технологиясы каферасында. Ғылыми жетекшім К.А.Абдуллиннің қайтыс болуына байланысты істеген жұмысымды қорғап үлгірмей қалып едім. Бүгін докторантураға конкурсқа қатысуға құжаттарымды Флюра Ганиевна қабылдамай қойды, МОН-нан разнарядка түскен жоқ және Сіз магистратура бітірген жоқсыз деп, ауызша. «Технология фармацевтического производства»- 6Д074800 мамандығына 4 орын бөлінген , 1 адам құжаттапсырған-деканның орынбасары Аюпова Ризвангуль Бағдаулетовна.
Мен 1982 жылы бітіргемін,14 жыл Орталық аудандық дәріхананың меңгерушісі, провизор-аналитик, МРК «Дәрілік заттарды сараптау Ұлттық Орталығында» 8 жыл бас маман болып жұмыс істедім (отдел экспертных работ при Государственной регистрации лек-х средств)конкурсқа қатысуға менің құқығым жоқ па? Басқа ұлт өкілдері мен Шымкенттіктер ғана оқуы керек пе?
Құжат тапсыруға көмек жасауыңызды өтінемін,рақмет.

Ответ:

Құрметті Ғайыпжамал!

2011-2012 оқу жылында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне 6D074800 – фармацевтикалық өндіріс технолгиясы мамандығы бойынща докторантураға (PhD) 4 орын бөлінген. Қабылдау жоспары ҚР Білім және ғылым министрлігінен 20.07.2011. күні электронды пошта арқылы қабылданды. 2011-2012 оқу жылына 6D110400 – фармация  мамандығы бойынша докторантураға (PhD) орын бөлінбеген.

074800 – фармацевтикалық денсаулық сақтау технологиясы мамандығы бойынша докторантураға қабылдау ҚР МЖМББС (ГОСО) — 7.10.145-2010 5 тармағына сәйкес талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талап:

5.1. 6D074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша докторантураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуға тілек білдірушілерің ең төменгі дәрежесі химиялық және фармациялық мамандық бойынша магистратура болуы шарт.

Осыған сәйкес, өкінішке орай сіз докторантураға тапсыра алмайсыз.