Әнел Аманкелді

28 Dec 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:

Саламатсыз ба? Мен, Аманкелді Әнел Жамбылқызы,1 курс студенті 20-002-2К группасынан,желтоқсанның 23 күні медициналық химия пәні бойынша сессия тапсырған болатынмын.Тесттен 100 баллдан 18 балл ғана шықты.Бірақ,мен өз жауаптарыма сенімдімін,себебі күнделікті сабақтан шығарып жүрген ,өзіме таныс сұрақтар келген болатын.Сондықтан,апелляцияға немесе тестті тағы бір рет өтуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын.

Жауап: 

Сәлеметсізбе Әнел Жамбылқызы! Сіздің жұмысыңызды қарап тексергеннен кейін техникалық ақаулық болып табылса сізге қайта тапсыруға рұқсат береміз деп, сіздің 23.12.2020 ж. келіп түскен қоңырауыңыз кезінде айтылған болатын. Сіздің жұмысыңызды тест орталығы қарап шығып, техникалық ақаулық кеткенін 25.12.2020ж растады. 25.12.2020 ж. №29 мектептің өкімі негізінде ОҮЖ және БЖ кестесі бойынша Сіз медициналық химия пәнінен  30.12.20 ж. сағат 16:30 эмтиханыңызды қайта тапсырасыз.


_ _ _

Loading