Бақыт Қалмырзаев

17 Feb 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Cұрақ:

Саламатсыз ба кешіресіз менің қызым биыл 11 сыныпты бітіріп жатқан еді, ол медицинаны таңдап жатқан еді..Сіз басқарып отырған академия тарапынан пәндік олимпиадалар болады ма? Кейібір университтерде сондай олимпиада өткізіп кейінен грантқа қабылдайды екен.Ректорлық грант бар ма Сіздерде болса оған қалай түсуге болады? Алды ала рақмет Сізге!

Жауап:

Сәлеметсіз бе!
Біздің университетте ректорлық грант  және де университетке түсу үшін пәндік олимпиадалар қарастырылмаған. Университетке  республикалық бюджет есебінен, жергілікті бюджет есебінен және де ақылы түрде түсуге болады.
Негізгі талаптар бойынша, оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет. Егерде де Сіз, «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Мейірбеке ісі» мамандықтарын таңдаған болсаңыз және де психометриялық тест тапсыруға міндеттісіз. Психометриялық тесті кез келген жоғарғы медициналық университетте тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау бөлімімен хабарласуларыңызға болады. Қабылдау бөлімінің телефондары: 8(727)338-70-27.
ішкі тел.: 70-71,73-50, электрондық пошта: «[email protected]».


_ _ _

Loading