Рысбек Хайдаров

20 Feb 2020  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Сұрақ:
Сәлеметсізбе! мен 2011жылы медициналық колледж бітірдім, әрі карай жалғастырғым келеді, 3 курстан болады деп естігем, накты білгім келеді.

Жауап:
Сәлеметсіз бе!
Біздің университетте колледжді бітіргеннен кейін «Фармация» (оқу мерзімі 3 жыл), «Мейірбике ісі» (оқу мерзімі 2,5 жыл) қысқартылған оқу мерзімі оқу бағдарламаларына түсуге болады.
Қолданбалы бакалаврдан кейінгі оқу мерзімін реттейтін құжат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде қарастырылып жатыр. Басқа оқу бағдарламалары бойынша қысқартылған оқу мерзімі қарастырылмаған. Негізгі талаптар бойынша, оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет. Егерде де Сіз, «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «Мейірбеке ісі» мамандықтарын таңдаған болсаңыз және де психометриялық тест тапсыруға міндеттісіз. Психометриялық тесті кез келген жоғарғы медициналық университетте тапсыруға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін университеттің қабылдау бөлімімен хабарласуларыңызға болады. Қабылдау бөлімінің телефондары: 8(727)338-70-27 (ішкі тел.: 70-71,73-50), электрондық пошта: [email protected].


_ _ _

Loading