От сотрудника

01 Aug 2011  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Айкан Аканұлы салеметсізбе! Менің сізге сұрағым қысқа ! 1 шілдеден бастап бюджеттік қызметкерлердің жалақысына 30 пайыз үстемақы қосылды! Неге біздің университет қызметкерлеріне 7 пайыз ғана қосылды ? Жоқ әлде біз бюджеттік мекемеге жатпаймыз ба? Осы мәселені қолға алуыңызды  сұраймыз!

ОТВЕТ:

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық Университетінің еңбек ақы жүйесін ұйымдастыру туралы» Ережесінің 9.2 тармағына сәйкес профессор-оқытушылар қатарына және оқу-көмекші қатарына жататын жұмысшылардың еңбек ақысының негізгі бөлігі «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы негізінде анықталады.

Яғни, көрстеілген категориядағы жұмысшылардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген базалық лауазымдық жалақыдан есептеледі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 150 Қаулысына сәйкес базалық лауазымдық жалақы (БЛЖ) мөлшері «13613» тен «17697» ге өзгерді және 30 % құрайды.

Егер Университетте барлық жұмысшылардың еңбек ақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысы негізінде есептелетін болса, қазіргі кезгі бекітілген қызмет ақыдан әлдеқайда төмен болады.

Осыған сәйкес, әр жұмысшының материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, еңбек ақы жүйесін күшейту, өндірістік тиімділікті және Университеттің экономикалық қызметін өсіруді қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы 01 маусым айында Университетте «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық Университетінің еңбек ақы жүйесін ұйымдастыру туралы» Ережесі бекітілді.

«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық Университетінің әкімшілік-басқару жұмысшылары категориясына, қызмет көрсету және басқа да персоналдардың еңбек ақысын төлеудің кейбір мәселелері туралы» Ережесінің  4.1.2 тармағына сәйкес әкімшілік-басқару жұмысшылары категориясына, қызмет көрсету және басқа да персоналдардың қызметтік ақының мөлшері «вилкалар» принципі бойынша, яғни деңгей бойынша (I деңгейден  II ге немесе III деңгейге, және II ден III деңгейге) анықталады.

Университет жұмысшыларының еңбек ақы төлемін жүзеге асыру  «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық Университетінің еңбек ақы жүйесін ұйымдастыру туралы» Ережесінің  9.32 тармағына сәйкес, әкімшілік-басқару жумысшылары категориясына, қызмет көрсету және басқа да персоналдардың қызметтік еңбек ақысының индексациясы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен белгілі бір ағымға арналған инфляция деңгейіне сәйкес бір жылда бір реттен кем емес қаралады.

Осыған байланысты,  2011 жылдың 01 шілде айынан бастап:

  • Профессор-оқытушылар қатарына және оқу-көмекші қатарына жататын жұмысшылардың қызметтік ақысын «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысында көрстетілген БЛЖ мөлшерімен есептеліп, яғни 30% ға көтеруге;
  • Әкімшілік-басқару жумысшылары категориясына, қызмет көрсету және басқа да персоналдардың қызметтік ақысын инфляция деңгейін ескере отырып 7 % көбейту туралы Ғылыми Кеңес шешімімен қабылданды.

 

 


_ _ _

Loading