Нұрсұлтан  Шырынбеков

29 Nov 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Ассалаумағалейкум, Талғат Сейтжанұлы!
Танысым Астанадағы МУА-да Жалпы медицинада 4-курс оқиды. Осы оқу жылындағы 2-семестерді мобильностьпен біздің ҚазҰМУ-ға келіп оқыса болады ма?

Ответ:

Кеш жарық, Нұрсұлтан  Шырынбеков! Сіздің сұрағыңыз бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына №117 02.11.2016 жылғы  бұйрықпен бекітілген «Академиялық ұтқырлық» ережесінің негізіне сүйене отырып, қарастырылады.

Егер Астана медицина университеті мен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы медицина мектебінің 2017-2018 жылғы 4 курс үшін жасалған оқу жұмыс бағдарламасы бойынша оқытылатын пәндер атауы және пәндердің  сағат айырмашылығы болмауы керек.

Сонымен қатар, Астана медицина университеті С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-не өздерінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сол университеттің оқу жұмыс бағдарламасын көрсетіп хат жолдайды.  Сол хатты негізге ала отырып екі университет тарапынан жан-жақты қарастырылып, академиялық ұтқырлық  ережесіне  сәйкес  келсе,  өз – ара келісім жасалады.

 


_ _ _

Loading