Мухамеджан Баратов

05 Mar 2018  |  Опубликовано в Благодарность

Біз соматика бөлімшесінің пациенттері, бұдан бұрын да ішкі аурулар клиникасында жатып ем қабылдағанбыз. Бұрын науқастарға тамақ сырттан бір реттік ыдыспен  тасылған,  дәлізде және  палатада беруші еді. Әрине ол бізде күдік пен күмән тудыратын . Біз  бүгінгі күні науқастарға жасалып жатқан жағдайлардың куәсі болдық. Клиника  ішінен асхана ашылуына  себепкер болған бас дәрігер  Тажиев Е.Б мырзаға,
Ұйымдастыру жұмыстарының  басы қасында жүрген директордың  орынбасары Унербаева С.А ханымға
Аға медбике Аканбаева Б.Т-ға
Бас медбике Отарбаева Р.Т –ға
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Будаев Е.В мырзаға және де жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкерлерге алғысымыз шексіз!!!
Бүгін де кең, жарық, жерде тамақ ішіп жүрген жайымыз бар. “Ас адамның арқауы” демекші  тағамдарының дәмі сапасы жоғарғы деңгейде. Аспаздардың ем-дәмдері біздің сауығып кетуімізге бірден-бір себебін тигізеді деген үміттеміз.
Сіздерге клиникаларыңыздың ары қарай өсіп өркендеуіне , науқастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі арттыруларыңызға тілектеспіз!!!
Науқастар:  Кызаева Б.Б., Байырбекова Б.С., Утеулина А.И., Осимбаев М.Н., Жанабаева Н.Т., Утеулиев С.С., Хайырберденова А.Н., Назирова М.И., Баратов М., Ахмулаева Р.М.,  Бармашева У.


_ _ _

Loading