Меруерт Султанова

25 Oct 2012  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
Тема вопроса: Учебный процесс
Вопрос:
Сәлеметсіз бе Айкан Аканович!2010 жылы оқудың ақшасы  570мың болған мен 2011 жылы ақылы түрде оқуға тускенмін. Ол кезде 770мын болган, ал қазір   2012 жылғылар 780 мын төлейді. Сонда оқудың ақшасын озініз койып турасыз ба??? неге сонша қымбат???

Сәлеметсіз бе, Меруерт!

Ақылы білім беру қызметтерінің тарифтері жыл сайын ҚР «Білім туралы» заңы мен ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде бекітіледі.

Оқуға жаңадан қабалданған білім алушыларға қатысты бекітілген ақылы білім беру қызметтерінің тарифтері. Бекітілген тарифтер бойынша қайталап оқу жылына (курсқа),  оқуға қайтадан алынғандарға, басқа жоғары оқу орындарынан ауысқандарға, сонымен қатар бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу түрінен екінші оқу түріне ауысқандарға арналған білім алу ақысы (ауысқан немесе оқуға қайтадан алынған мерзімі бойынша):

2010-2011 оқу жылында – 569 930 теңге

2011-2012 оқу жылында – 770 700 теңге

2012-2013 оқу жылында – 780 600 теңге

Оқуын жалғастырушы студенттер үшін оқу ақысы – келісім шартта көрсетілген мөлшерде қалады.


_ _ _

Loading