Мадина Ходжаназар

28 Jun 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Сәлеметсіз бе? Мен  биылғы тестілеуден 87 балл жинадым. Биология 26, химия 18, қазақстан  тарихы 15, математикалық сауаттылық 9, оқу сауаттылығы  19 балл. Сұрайын  дегенім, осы баллмен C.Асфендияров атындағы мед.университетінде жалпы  медицинада (педиатр факультетінде) оқи  аламын ба? Бұл факультетке осы жылы бөлінген грант  саны қанша,және осы салада грантқа  түсуге  мүмкіндігім бар ма? Алтын белгі, ауылдық квота баллы ешкандай роль ойнамай ма ,яғни көмектеспейді ме? Егер грантта окуға мүмкіндік болмаса ақылай оқудың  төлемақысы қанша?Рақмет.

Ответ:

Саламатсыз ба! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына білім грантының конкурсына қатысуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина», «Фармация» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.

ҚазҰМУ үшін 2017-2018 оқу жылына стоматология мамандығы бойынша бөлінген мемлекеттік білім беру тапсырысының (грант) саны жобаға сәйкес 20 (10 қазақ, 10 орыс бөлімдеріне). Сондай-ақ, жоба бойынша «Жалпы медицина» — 395 (280 қазақ бөл.), «Мейірбике ісі» — 20 (13 қазақ бөл.), «Педиатрия» — 150 (75 қазақ бөл.), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медициналық-профилактикалық іс», «Фармация» — 5 (3 қазақ бөл.). Оқуға түсу-түспеуіңіздің мәселесі конкурс кезінде шешіледі.

Алтын белгі иегерлері бірдей балл кезінде жеңілдікке ие бола алады, ал ауылдық квотаның көлемі 30% құрайды. Мамандық бойынша 70% грант жалпы конкурсқа түссе, 30% грант аылдық квота конкурсына түседі.

«Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтарының төлемақысы былтыр жылына 847 мың, қалған мамандықтар 770 мың болған, ьиылғы оқу жылына ақылай оқудың ақысы әлі бекітілмеді.


_ _ _

Loading