Биназар Балауса

05 Feb 2013  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору
От: Балауса Биназар <[email protected]>
Тема вопроса: Учебный процесс
Сәлеметсізбе!Сізден сұрайтыным, мен Биназар Балауса  Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университетінде стоматология фалультетінде грантта оқимын, сіздерге ауысуыма мүмкіндік бар ма???
Болса қалай???


 Қымбатты Балауса!

      Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқауы бойынша бір жоғарғы оқу орнынан екінші жоғарғы оқу орнына мемлекеттік білім грантын сақтай отырып ауысуды сессия аралық демалыс кезінде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін төмендегі құжаттар қажет:

  1. Жеке басыңыздың куәлігі
  2. Оқыған оқу орныңыздың басшысының келісім-сұрау хаты
  3. Транскрипт
  4. Сынақ кітапшасы
  5. Өз өтінішіңіз т.б.

   ҚазҰМУ ұлттық университет болғандықтан, (1000 студентке квота бар, және оқу бағасы жоғары) ауысу жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінен қосымша келісім алуыңыз керек және факультет деканатына жолығуыңыз қажет.

 


_ _ _

Loading