Асем Сарынжиева

17 Aug 2017  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос:
Құрметті, Талғат Сейтжанұлы.
Мен, Сарынжиева Асем Январбекқызы қызым Мейрамова Айгерім Ержанқызы биылғы ҰБТ дан 104 бал алған. С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық университетіне педиатрия бөліміне тапсырған, сонымен қатар басқа да жоғарғы оқу орындарын көрсеткен.Биылғы грант иегерлерінің тізімін қарасақ,104 балмен педиатрия  бөліміне түскен 4 талапкерді көрдік олар орыс бөліміне түскен, ал қазақ бөліміне одан да жоғары баллмен түскендерді көрдік. Менің түсінбей отырған себебім, орыс бөліміне 104 балмен түсе алады да, ал қазақ бөліміне мүмкіндік жоқ па не? Жалпы республика бойынша педиатрия бөліміне 150 грант бөлінген, ал тізім бойынша 146 адам болып тур, еш болмаса орыс бөліміне қабылдасаңыз деген үміттемін. Өзім жұмыссызбын, 4 баланың анасымын, ақылы оқытуға жағдайым жоқ.Менің өтінішімді орындайды деген сенімдемін.

Ответ:

Қайырлы күн, құрметті Асем Январбекқызы!
Білім беру гранттарын үлестіру Университет құзіреттілігінде емес. Ол мәселемен Білім Беру және Ғылым Минимтрлігінде арнайы конкурстық Комиссия айналысады.Орыс бөлімінің өту балының төмен болу себебі — орыс бөліміне өтініш беріп білім беру гранты сайысына түсетін талапкерлер санының аз болуы. Қазақ бөліміне өтініш білдіретіндер саны көп болғандықтан ол бөлімге өту балы да жоғары. Сіздің көрген тізімдегі 146 талапкерлермен қатар қосымша 21 адамға грант берілді, олар қосымша тізімде көрсетілген, сонымен жалпы олардың жалпы саны 167 құрайды.


_ _ _

Loading