Асан Смагулов

26 Dec 2014  |  Опубликовано в Вопрос

Вопрос ректору

От:

Тема вопроса: От сотрудника

Вопрос:
Құрметті  Айқан Ақанұлы!
Ассалаумағалейкум! Менің Сізге қояр сұрағым алдыңғы Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шарада айтылған 2 премия беріледі ме? Құзыреті мықты органдарға немесе МИНИСТРДІҢ БЛОГЫНА жазғанда ғана беріледі ме?  Әлде, әдеттегідей тек бастықтар өздерін жазып, қарапайым қызметкерлерге премия арман болып қалады ма?
Естуімізше тек бастықтар өздерін баянатпен ұсынып, бастықтардың қол астындағы қызметкерлер үні шықпай қала бермек пе? Бастықтарымыздың өз командасының арқасында жұмысы көрініп,  мақтау естіп отырғанын  ұмытып кете беретіні де қызық жағдай емеспе?
Кредиті бар, бала-шағасының оқу ақысын төлеймін деп жағдайы төмендеп кеткен қызметкерлер әрине жұмысынан айрылғысы келмейтіні де анық.  Ал осындай жағдайда жүрген, қызметіне адал, әрқашан әділдікті қалайтын қызметкерлерді  премияға ұсынудың орнына, сендерге премия жоқ, баратын жеріңе бар, маған десең ректорға бар деп батылдық танытып отыратын бастықтарға қалай премияға ұсыныңызшы деп айта аламыз?
Сізге  сенеміз. Сау болыңыз Айқан Ақанұлы!


_ _ _

Loading