Талапкерден сұрақ Archives - Page 3 of 33 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Талапкерден сұрақ

Жадыра Зулхарнай

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Сəлеметсіз бе!Мен санитарлық бөлім бойынша қанша баллмен түсе аламын? Және жылдық төлем қанша болады? Көп рахмет!

Ответ:

Сәлеметсіз бе, Жадыра Зулхарнай! Сіздің санитарлық бөлім деп отырғаныңыз қазіргі Медициналық-профилактикалық мамандық деп аталады. Аталған мамандық бойынша жылдық төлемақы былтырғы жылы 771 мың теңге құрады. Келесі оқу жылына төлемақы көлемі шілде айында бекітіледі.






Диана Мирамбек

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Салеметсызбе. Мен Актобе каласында ЗКГМУ университетынде Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінде оқимын. Бірінші курсты аяктадым.Асфендияровка ауыскым келып еды, ол ушын не істеуім керек. GPA:3,12 ауысуга мүмкіндік барма?

Ответ:

Сәлематсіз ба Диана!

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығы білім алушылар басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

Бұл ретте, студенттің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы және орташа үлгерім балы (GPA-Grade Point Average) аталған ұлттық ЖОО-дағы белгіленген ауысу балынан төмен болмауы тиіс.

Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;

2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;

3) факультет деканы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

Ауысқыңыз келсе жазғы демалыс уақытында Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық, мейіргер ісі және менеджмент факультетінің деканатына келіп хабарласыңыз.






Даулет Аблязов

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Оқу бағасы өте Қымбат ! Қазақ жастары үшін мүлдем қол жетімсіз !Айта кетерлігі Қабылдау бөліміндегі жүйкесі жұқарған адамдарды ауыстырыңызшы сондай ашуланшақ және абитурентпен ұрсысуға дайын! Мен бұл Университет арманым еді бірақ өкінішке орай түсе алмайды екем ! Оқыңызшы осыны және жауап  немесе нәтиже шығарыңызшы ?!

Ответ:

Сәлеметсіз бе, құрметті Даулет Аблязов!

Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы – ұлтыңыз қазақ болып табылып, мектеп немесе колледж түлегі болсаңыз, сіздің ақысыз бөлімге (мемлекеттік білім гранты бойынша) конкурсқа түсуге толық құқығыңыз бар. Ол үшін сізде осы 2017 жылы өтілген Бірыңғай Ұлттық тестілеу немесе Кешенді тестілеу нәтижелерінің (65 баллдан жоғары) сертификаты болуы керек.

Кешенді тестілеу колледж түлектері, өткен жылдардағы мектеп бітірушілер, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш 1 маусым мен 20 маусым аралығында қабылданады.

Оқу төлемақысының көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ұлттық» статусқа ие болғандықтан басқа ЖОО қарағанда оқу төлемақысы жоғары.

Сізбен орын алған жайт үшін кешірім сұраймыз. Қабылдау комиссиясының хатшыларымен әңгіме жүргізілді. Басқа сұрақтарыңыз болса, мына телефондар арқылы хабарласуыңызға немесе Қабылдау комиссиясына келіп сұрауыңызға болады: 338-70-27, 338-70-95.






Милена Тамова

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Добрый день! Мне бы хотелось узнать минимальный балл на грант? (общая медицина и фармация)

Ответ:

Добрый день, Милена!
Пороговый балл на договорное отделение любой специальности составляет 65 баллов (из них не менее 15 баллов по каждому профильному предмету и не менее 5 – по общепрофильным предметам). Проходной балл на грант станет известным на конкурсной основе после его проведения. Для участия в конкурсе необходимо набрать пороговый балл (65 б.) .






Оксана Тимофеева

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Добрый день. Хотела бы уточнить- КТА сдаётся по каким предметам? И если по семейным обстоятельствам не смогу сдать КТА в июле, возможно ли сдать в августе? Спасибо

Ответ:

Добрый день! Просим извинения за поздний ответ. В текущем году Комплексное Тестирование (КТ) сдается по 5 предметам: 3 общепрофильных – история Казахстана, математическая грамотность и грамотность чтения, также 2 профильных предмета – биология, химия. Согласно Типовым Правилам, если абитуриент не сдает КТ в июле, он не может учавствовать в повторном КТ.