Cымбат Жанысбай

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Сәлеметсізбе Айкан Аканұлы! Мен Семей Мемлекеттік Медицина Университетінде 2 курс жалпы медицина факультетінде келісім шарт бойынша оқыймын. Менің сізге қояр сұрағым, мен КазНМУ ға 3 курста ауыса аламынба? оқу түрі: келисим шарт турине

Ответ:

Кұрметті Cымбат Жанысбай!

19.01.2012 ж №110 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондақ-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.

Басқа медициналық ЖОО-дың ҚазҰМУ-ға ауысуға қажетті құжаттардың тізімі

1. Сіз оқитын ЖОО-ң ректорының атына өтініш

2. ҚазҰМУ-ң ректорының атына өтініш

3. Келісім-хат

4. Аттестат

5. Сертификат БҰТ немесе КТ


_ _ _

Loading