June 2017 - Page 7 of 9 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June, 2017

Диана Мирамбек

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Салеметсызбе. Мен Актобе каласында ЗКГМУ университетынде Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінде оқимын. Бірінші курсты аяктадым.Асфендияровка ауыскым келып еды, ол ушын не істеуім керек. GPA:3,12 ауысуга мүмкіндік барма?

Ответ:

Сәлематсіз ба Диана!

Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығы білім алушылар басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізде ғана жүзеге асырылады.

Бұл ретте, студенттің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы және орташа үлгерім балы (GPA-Grade Point Average) аталған ұлттық ЖОО-дағы белгіленген ауысу балынан төмен болмауы тиіс.

Білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшының атына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;

2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің, оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;

3) факультет деканы ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жоспарларындағы пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және тіркеу бөлімімен келісім бойынша білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.

Ауысқыңыз келсе жазғы демалыс уақытында Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық, мейіргер ісі және менеджмент факультетінің деканатына келіп хабарласыңыз.






Даулет Насирулла

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:
Саламатсыздар ма? Мен 2016 жылы Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
университетін “құрылысшы” мамандығы бойынша грантта оқып бітірдім. Қазіргі таңда жеке компанияда жұмыс жасаймын.
Менде мындай сұрақ бар еді. Егер биыл КТА-тапсырып сіздердің университеттеріңізге “стоматология” мамандығына грантқа түсуге мүмкіндігім бар ма?
Яғни мемлекеттік грант екі рет беріле ме?

Ответ:

Мемлекеттік грант екі рет берілмейді, тек ақылы түрде.






Donghyun An

20 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Hello
Im from south korea and really interested in kaznmu. Currently im 4th grade in nursing school.
My question is

1.Can international student who doesnt have a permanent residency or citizenship get a kazakhstan doctor license after graduate?

2. I graduated high school in 2014 february, but i got general science(include physics ,chemistry and biology but subject name is general science), biology and earth science. But in university i got biochemistry, pathology, microbiology, pharmacology. Then when i apply, i send both of my high school and university academic transcript?

3.can i transfer after i got my bachelor of nursing? If can, in what grade?

Thank you for reading. I really look forward the reply

Ответ:

Dear Donghyun An
First of all thank you for your interest in our Asfendiyarov Kazakh National medical University!

1) To get a kazakhstan doctor license you have to graduate from a Kazakh medical university.

2) You should send just your university academic transcript. We will compare it with our educational program. And after that we’ll be able to identify in what grade you can be enrolled.






Гаухар Шарипова

13 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:
Сәлеметсіз бе? Мен ҚазҰМУ терапия бөлімінің 7курс интернімін. Резидентураға гинекология мамандығына тапсырғым келеді. Пререквизит 2 кредиттен 2 сабақ екенін сайттан көрдім. Сонда 1 кредит ақшасы қанша болады және мен 2017 қыркүйек айына дейін оқып үлгере аламын ба?

Ответ:

Сәлеметсізбе Гаухар!

«Терапия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтаған және резидентураның «Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар» мамандығына түсуге өтініш білдіретін үміткерлер төмендегідей пререквизиттерді меңгерулері тиіс – Жалпы хирургия – 2 кредит және Клиникалық анатомия – 2 кредит. 1 кредиттің құны 18.900 теңгеге тең.

Жоғарыда айтылып өткен пререкзиттерді қабылдау комиссиясына құжаттар тапсырылғанша меңгерілу керек. Резидентураға құжаттар 10 мен 30 шілде аралығында қабылданады.

Пререквизиттерді меңгеруге өтініш 2017 жылдың 01 сәуірінен бастап, дипломнан кейін білім беру факультеті деканатының 205 кабинетінде қабылданады.

Пререквизиттерді меңгеріп болған соң құжат беріледі.


Здравствуйте Гаухар!

Претенденты, закончившие интернатуру по специальности «Терапия» для поступления в резидентуру на специальность «Акушерство и гинекология, в том числе детская» должны освоить следующие пререквизиты – Общая хирургия – 2 кредита и Клиническая анатомия – 2 кредита. Стоимость 1 кредита 18.900 тг.

Освоить преререквизиты необходимо до сдачи документов в приемную комиссию. Прием документов в резидентуру ведется с 10 по 30 июля.

Заявления на освоение пререквизитов принимаются с 01 апреля 2017 года в деканате факультета последипломного образования, кабинет 205.

По окончании освоения пререквизитов будет выдаваться документ.






Даулет Аблязов

12 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Оқу бағасы өте Қымбат ! Қазақ жастары үшін мүлдем қол жетімсіз !Айта кетерлігі Қабылдау бөліміндегі жүйкесі жұқарған адамдарды ауыстырыңызшы сондай ашуланшақ және абитурентпен ұрсысуға дайын! Мен бұл Университет арманым еді бірақ өкінішке орай түсе алмайды екем ! Оқыңызшы осыны және жауап  немесе нәтиже шығарыңызшы ?!

Ответ:

Сәлеметсіз бе, құрметті Даулет Аблязов!

Егер Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы – ұлтыңыз қазақ болып табылып, мектеп немесе колледж түлегі болсаңыз, сіздің ақысыз бөлімге (мемлекеттік білім гранты бойынша) конкурсқа түсуге толық құқығыңыз бар. Ол үшін сізде осы 2017 жылы өтілген Бірыңғай Ұлттық тестілеу немесе Кешенді тестілеу нәтижелерінің (65 баллдан жоғары) сертификаты болуы керек.

Кешенді тестілеу колледж түлектері, өткен жылдардағы мектеп бітірушілер, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш 1 маусым мен 20 маусым аралығында қабылданады.

Оқу төлемақысының көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ұлттық» статусқа ие болғандықтан басқа ЖОО қарағанда оқу төлемақысы жоғары.

Сізбен орын алған жайт үшін кешірім сұраймыз. Қабылдау комиссиясының хатшыларымен әңгіме жүргізілді. Басқа сұрақтарыңыз болса, мына телефондар арқылы хабарласуыңызға немесе Қабылдау комиссиясына келіп сұрауыңызға болады: 338-70-27, 338-70-95.