June 2017 - Page 2 of 9 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за June, 2017

(Русский) Кундыз Сактаганова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Извините, этот техт доступен только в “Русский”.






Ажар Аяхановна 

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Саламатсыз ба,менің сізге қоятын сұрағым мынандай : Егер эгзаменнен өте алмай пересдачаға қалса ол оқудың ақысы неше болад, биохимия сабағы 3 апталық, ол ақы қалай төленеді , студент санына бөліне ме.

Ответ:

Құрметті Ажар Аюхановна!

Егер студент емтиханнан өте алмаса, келесі академиялық мерзімде немесе жазғы қосымша ақылы семестрде сол сабағының оқу бағдарламасын толық орындап, емтихан тапсырады. Биохимия сабағы оқу бағдарламасы бойынша 162 сағат, оның ішінде 54 сағат – студенттердің өзіндік жұмысы, 108 аудиториялық сағат. Студент биохимия пәні бойынша ақылы семестрге қалған жағдайда 108 сағаттың ақысын төлейді. ҚазҰМУ ректорының міндетін атқарушы М.А.Камалиевтің 2017 жылғы 22 мамырдағы №262 бұйрығы бойынша бір академиялық сағаттың ақысы 856 тенге.






Гулсім Джумагулова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Салеметсіз бе! Сыныптасымның Жалпы балл 65тен асқан. Бірақ бір таңдау пəн 14 болса. ақылы түрде оқуға  түсе  алама

Ответ:

Саламатсыз ба, Гүлсім! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ақылы оқуға түсу үшін сізде тағы бір мүмкіндік бар: 1-8 тамыз аралығында екінші КТ қатысу үшін өтініш қабылданады.  






Анна Каренина

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Здравствуйте! Я закончила казахскую школу. Хочу учиться в русском отделении. Хочу поступить без гранта, но после семестра перевестись на грант. Возможно ли хотя бы учиться в русском отделении?

Ответ:

Здравствуйте! Для поступления на платное обучение Вам необходимо предоставить сертификат о результатах тестирования не менее 65 баллов, в том числе не менее 15 – по профильным дисциплинам и не менее 5 – по каждому общепрофильному предмету. Если Вы набрали вышеуказанные пороговые баллы, то вы можете быть зачислены на договорное отделение с желаемым языком обучения, затем – перевестись на обучение по гос.гранту.






Анар Кумарова

29 Jun 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:
Cәлеметсіз бе,бугін қызым ЕНТ тапсырып 89 балл алды. Сіздердің оқу орындарыңызға түскісі келеді. Алған бағалары; Қазақстан тарихы-18, математикалық сауаттылық-17, оқу сауаттылығы -17, биология-27, химия-10, осы бағамен сіздерге оқуға түсе ала ма?

Ответ:

Саламатсыз ба, Анар! Биылғы 2017 жылғы қабылдау ережелеріне сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға ҰБТ немесе кешенді тестілеуден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде  65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде 1-бөлімнің әр бөлігі бойынша (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ақылы оқуға түсу үшін сізде тағы бір мүмкіндік бар: 1-8 тамыз аралығында екінші КТ қатысу үшін өтініш қабылданады.