13.02.2017 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за February 13th, 2017

Жүрсін Нұртайқызы

13 Feb 2017  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Cұрақ:

Қайырлы күн, Нұргүл Қалиқызы! Мен бірінші курс студентінің анасымын. Анықтайын дегенім мынау еді. Бірінші курс студенттері таяуда топ-топ болып әр емханадан МЕДОСМОТРДАН өткелі жатыр екен, ол үшін 5-7 мың теңге көлемінде ақша төлейді деп естідік. Бұл қаншалықты заңды және қайта-қайта медосмотрдан өту қімге қажет боды екен? Студенттерде ондай қаражат қайдан болсын. Онсыз да бәрі дерлік екінші семестрде стипендиядан қағылып отыр. Жауап күтемін. Алдын ала рахмет!

Жауап: 

Құрметті ата-ана!

1 курс студенттері 2016 жылдың 7-30 қараша аралығында Диспансерлік тіркеуде тұрған студенттерді анықтау мақсатында тегін медициналық тексеруден өткізілді. Студенттердің сабақтары 2 семестірде клиникада өтуіне байланысты олар санитарлық кітапша жасатулары міндетті. Студенттер Университеттің Ішкі аурулар клиникасында мамандардан тексерілу және анализ тапсыру тегін, тек қалалық зертханаларда тапсыратын анализ және терапевттен тексерілумен рұқсат алу ақылы түрде жүргізіледі.

  • СПИД-ке қан тапсыру
  • Микрореакцияға қан тапсыру
  • Гинекологтан тексерілу (қыздар үшін)
  • Дерматологтан тексерілу
  • Гельминт жұмыртқасына нәжіс тапсыру
  • Флюорография
  • Араннан бактериоскопиялық жағынды – қалалық бак зертханасынан өтеді 2730тг. ( ҚазНМУ студенттеріне 30% жеңілдікпен)
  • Гепатит В және С маркерына қан тапсыру -3000 тг
  • Терапевтан тексерілу және рұқсат алу – 2000 тг.