October 2015 - Page 3 of 21 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за October, 2015

Aziza Orazalieva

28 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Астан Мед.Академия.-ның 4 курс студентіміН грантта оқимын. Алматы қаласына ауысайын деп едім.Егерде ауысып жатсам грантпен ауысамын ба,өтініш сұрағымды жауапсыз қалдармаңызшы…






Салтанат Сейсен

28 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Құрметті Айкан Аканович. Біз 2 курс студенттері жатақхана алу мәселесі бойынша аса мұқтаждар тізімінде кезекте тұрған студенттеріміз. Біздерге 22-қазан күні осы мәселе бойынша жиналыс болды. Бұл жиналыста аса мұқтаждар тізімінде тұрған барлық студенттер қатыстық, жиналыста факультет деканы Рахима Тажібаевна және 2 курс замдекандары Сауле Хиватуллаевна және Гульжан Нуркапызовна жатақханаға орналастыру ережесімен таныстырып, толық түсіндіріп берді. Жиналыс соңында біз өз еркімізбен, яғни, жатақхананы жақында алған және кезекте тұрған студенттер болып құжаттарды тексеруге бардық. Барлық жатақхана алған және кезекте тұрған студенттер құжаттарын тексеріп көріп шықтық. Барлығынын заңға сай және әділ екеніне көз жеткіздік және сіздің блогка жазылған замдекандар жатақхана алуға орын сатып жатыр деген сөздердің бәрі жала, жалған сөздер екенін айқымыз келеді. Сонымен қатар, замдекандар студенттермен сөйлесуді білмейді, урсып шыға келеді дегенге келіспейміз. Керісінше, бізге ардайым жақсы сөйлеп жатақхана кезегімізді көрсетіп, бізге жанашырлық танытады, және кезегіміз келгенше тұратын жер тауып берген де кездері болды.

Сейсен Салтанат
Аянқызы Фарзана
Избасарова Айгерим
Оразалиев Бағдаулет
Айтбай Ұлжан
Миранова Эльнура
Ерғали Береке






Студент А.А

28 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Если честно очень стыдно за таких студентов,которые из под тишка пишут всякие гадости про наш университет, деканат.Стыдно что среди нас есть такие, которые анонимно пишут все что душе угодно и в голову придет.Я в свою очередь хотела бы выразить слова благодарности нашему университету,нашему деканату,факультету “Общей медицины”.За годы учебы ни разу не слышал в свой адрес негативные слова!Секретари наши Мархабат и Айгерим апай мои любимые<3.Зам.деканы-это наши мамы в стенах университета,мы делимся с ними с моментами и горести,и радости,обращаемся за советом,они всегда думают как бы сделать так,чтобы студенту было хорошо:)Чтобы студент всегда был в курсе последних событий!Чтобы имел возможность участвовать во всех конкурсах унивеситета и с гордостью представлять наш факультет.Рахима Тажибаевна наш глава семьи!Наш факультет самый большой во всем университе,и наш декан держит все под контролем!Когда я говорю,что мы можем спокойно зайти к декану и спросить что нам нужно,мои друзья из других вузов удивляются,так как для них декан-нечто непосегаемое.А для нас нет никаких преград!А деканат я могу назвать “Мой второй дом”.Я горжусь что учусь в Казахском Национальном Медицинском Университете!p.s. Если к вам по вашему мнению относятся не так как бы вы хотели.Задумайтесь!Возможно все дело в вас,нужно изменить себя,а потом требовать от остальных!






33 ЖМ14

28 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Сәлеметсізбе Аканов А.А. Біздің бұл хатты жазу себебіміз: соңғы күндері 2 курс студенттерінің және де микробиология кафедрасының ұстаздарының атына кір келтірілген хаттар блогқа шығып жүр. Осы мәселеге байланысты айтайын дегеніміз, ол хатта көрсетілгендердің барлығы шындыққа жанаспайды, студенттер мен оқытушылар арасында пара алу, беру деген атымен болған жоқ. Оқығанымызға сай баға алып жүрдік, аралық бақылаудан 100 балл деген мүлдем болмады. Мұғалімдерге ешқандай қарсылығымыз жоқ, қарым-қатынасымыз жақсы.
Осы мәселеге байланысты тексеру жүргізуіңізді сұраймыз.
Орынсыз айып таққаны үшін жаза қолдануыңызды сұрймыз.
ЖМ14-033 топ студенттері






студент ОМ 2 курс

28 Oct 2015  |  Опубликовано в Сұрақ

Құрметті Айқан Ақанұлы!
Кеше, яғни 27 қазан күні жалпы медицина факультетінің 2 курс старосталарымен жиналыс өтті. Жиналысқа проректор Қазыбек Ағабылұлы, декан Рахима Тажибаевна қатысты. Жиналыста біздің декан орынбасарларымыз Сауле Хиватуллановна мен Гүлжан Нуркапызовна туралы сіздің блогқа бірнеше хат түскендігін айтты. Біз оған сенбейміз, оның барлығы жалған. Біздің декан орынбасарларымыз адал, мейірімді, жанашыр адамдар. Сізден, жалған ақпарат жазып жүрген адамды тауып, жазасын беруіңізді сұраймыз!