August 2015 - Page 9 of 10 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за August, 2015

Сергей Югай

04 Aug 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Здравствуйте, уважаемый Айкан Аканович. Я хотел бы поступить в ваш университет на факультет общей медицины, но если я не попаду на грант, есть ли возможность обучения в кредит?

Ответ:

Здравствуйте Сергей! На сегодняшний день многие банки РК и другие организации предоставляют абитуриентам возможность оформить образовательный кредит в ВУЗах РК. КазНМУ осуществляет прием абитуриентов, заключивших договора с банками на обучение в кредит. Подробности Вы можете уточнить в Финансовом центре МОН РК на сайте www.fincenter.kz или по телефону Call центра 8-800-080-28-28.






Шынғыс Утепов

04 Aug 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Ответ:

Саламатсыз ба Шыңғыс! «Алтын белгі» төс белгісін Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Білім және ғылым Министрлігі мен орта білім беру мекемесі тағайындайды. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсы кезінде басым құқық «Алтын белгі» иегерлеріне беріледі, дегенмен ҰБТ-дан жоғары балл жинап, өз білімін көрсете білген талапкерлердің грантты иеленуге мүмкіншілігі көп, сондықтан ең бастысы және маңыздысы – баланың білімі.






Динара Тазабек

04 Aug 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Сәлеметсізбе ! Мен ҰБТ дан 113 балл алып , таза баллым 94,үздік аттестатпын, жалпы медицинаға 94 баллмен түсе аламын ба?

Ответ:

Саламатсыз ба Динара! Мемлекеттік білім беру гранты Білім және Ғылым Министрлігі тарапынан өткізілетін конкурс арқылы тағайындалады. Биылғы жылғы грантқа өтудің минималды балы қанша болатыны белгісіз. Құжаттарыңызды конкурсқа тапсырып, нәтижесін күту қажет.






Гулназ Рсалиева

04 Aug 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Салеметсиз бе?!Документ кабылдау жексенби куни де жумыс жасайма?Рахмет…

Ответ: 

Саламатсыз ба Гулназ! Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде (23-31 шілде аралығында) қабылдау комиссиясы жексенбі күні жұмыс жасады. Негізгі жұмыс кестесі дүйсенбіден сенбі күндеріне дейін.






Аман Беркінбай

04 Aug 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап, Талапкерден сұрақ

Вопрос:

Сіздерде мамандықтар тізімінде менеджмент деген қандай мамандық? Оған түсу үшін биология тандау қажет пе?

Ответ:

Саламатсыз ба Аман! Менеджмент мамандығы «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» тобына кіретін, медициналық емес мамандық. Ол мамандықтың бейінді пәні – география.