03.04.2015 - Page 2 of 3 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за April 3rd, 2015

Рима Пернеханова

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Сәлеметсізбе! Мен 11 сынып оқушысымын. Мен болашақта осы оқу орнына оқуға түскім келеді. Бесінші пәнім биология. Менің сізге сурағым, мен жалпы медицина мамандығы бойынша 2015 жылы қанша балмен оқуға түсе аламын? (Ауылдық квотамен)Жауабыңызды күтемин..

Ответ:

Саламатсыз ба Рима! Грантқа өту баллдары бойынша көрсеткіштер жыл сайын өзгеруде, ол таңдаған мамандығыңызға (Жалпы медицина) бөлінген грант санына, конкурсқа өтініш берген талапкерлер санына және т.б. көрсеткіштерге байланысты өзгеріп отырады және тек конкурс аяқталған кезде белгілі болады. Сондықтан қажетті балл бойынша ақпаратты әзірге бере алмаймыз.






Салеметсиз бе?Мен Семей медицина университетинин 4 курс студентимин,бирак казир 2 семестрде денсаулык жагдайыма байланысты Алматыга ауыссам деп едим ,Сизден сурайн дегеним 4 курстын 2 семестрынан жалгауга мумкиндигим бар ма?2 семестрды аяктамадым али,мумкин 4 курстын 2 семестрынан акылы турде жалгауыма болатын шыгар

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Салеметсиз бе? Мен Семей медицина университетинин 4 курс студентимин,бирак казир 2 семестрде денсаулык жагдайыма байланысты Алматыга ауыссам деп едим, Сизден сурайн дегеним 4 курстын 2 семестрынан жалгауга мумкиндигим бар ма? 2 семестрды аяктамадым али, мумкин 4 курстын 2 семестрынан акылы турде жалгауыма болатын шыгар

Ответ:

Құрметті с!

Білім алушылардың басқа жоғарғы оқу орнынан ауысуы ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтар айындағы №110 қаулысымен бекітілген «Жоғары бiлiм беру орындарында бiлiм алушылардың қайта қабылдау және ауыстырудың тәртiбi туралы ережесі» бойынша жүзеге асырылады. Ауысу бойынша барлық процедура және қажетті құжаттар тізімі осы жоғарыда айтылған ережеде көрсетілген (www.edu.gov.).

ҚР Үкіметінің 2013 жылдың 10 сәуіріндегі №328 қаулысымен бекітілген осы Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырылуларға сәйкес: Студенттер мен магистранттарды басқа жоғары оқу орнынан ұлттық жоғарғы оқу орнына ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады. Сонымен қатар студенттің үлгерімі жақсы болуы және ұлттық біріңғай тестілеу немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы баллы 60-тан төмен болмауы шарт.

Жоғарыда көрсетілген ережеге сәйкес ауысу тек қысқы немесе жазғы каникул мерзімінде ғана жүзеге асырылады.






Cымбат Жанысбай

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Сәлеметсізбе Айкан Аканұлы! Мен Семей Мемлекеттік Медицина Университетінде 2 курс жалпы медицина факультетінде келісім шарт бойынша оқыймын. Менің сізге қояр сұрағым, мен КазНМУ ға 3 курста ауыса аламынба? оқу түрі: келисим шарт турине

Ответ:

Кұрметті Cымбат Жанысбай!

19.01.2012 ж №110 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ға ауыстыру тек ақылы негізінде ғана жүзеге асырылады Бұл ретте студенттің үлгерімі өте жақсы және жақсы болуы, сондақ-ақ ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны 60-тан төмен болмауы тиіс.

Басқа медициналық ЖОО-дың ҚазҰМУ-ға ауысуға қажетті құжаттардың тізімі

1. Сіз оқитын ЖОО-ң ректорының атына өтініш

2. ҚазҰМУ-ң ректорының атына өтініш

3. Келісім-хат

4. Аттестат

5. Сертификат БҰТ немесе КТ






Айнура Турар

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Здравствуйте Аканов Айкан Аканович я отправила свою научно-исследовательскую работу и в конечном итоге меня пригласили отправили и мне нужно финансовая помощь и в этом плане жду от вас ответа
Юбилейная 70-я всероссийская научно-практическая конференция с международным участием «Актуальные вопросы современной медицинской науки и здравоохранения»
конференция проходит в Екатеринбурге с 28 по 30 апреля 2015 года!
-факультет ОМ группа-14-017-01

Вопрос по поводу материальной помощи для поездки конференции Екатеринбурге рассматривается в ближайшие дни я получу ответ извините за беспокойство!

Ответ:

Құрметті Айнур!

2015 жылдың 28-30 сәуір аралығында Москва мемлекетінің, Екатеринбург қаласында өтетін халықаралық жас ғалымдардың «Акутальные вопросы современной медицинской науки и здравохранения» атты ғылыми-тәжірбиелік конференциясына қатысуға және іссапар шығындарын өтеу туралы өтінішің қабылданып, комиссияға жіберілді.

Жауабын комиссия шешімінен кейін аласыз.






Анастасия Круглова

03 Apr 2015  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос:

Здравствуйте. Меня зовут Анастасия мне 32 года. Я имею два высших образования экономическое и физкультурное. В данный момент мне необходимо получить медицинское образование в связи с родом деятельности. Возможно ли получить его у вас? Очное образование мне не подходит. И будет ли учитываться что многие предметы мной уже пройдены. Возможна ли коррекция процесса обучения для затраты меньшего количества лет.

Ответ:

Уважаемая Анастасия Круглова!

В ответ на Ваш вопрос сообщаем, что в соответствии с подпунктом 15 статьи 5 Закона РК от 27 июля 2007 года «Об образовании» по медицинским специальностям вечерняя форма обучения не предусмотрена.