July 2014 - Page 3 of 9 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July, 2014

Лола Салаватова

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Саламатсыз ба Лола! «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкер  кемінде 70 балл жинау қажет.






Диляфруз Болатова

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Диляфруз Болатова <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Салеметсізбе.
Мен осы жылы мектепті аяқтадым. ҰБТ-дан жалпы 91, орыс тілінсіз 76 балл жинадым.
Мен жалпы медицинаға грантқа түсе аламын ба? Не болмаса қай бағытта осы баллмен грант иелене аламын?

Саламатсыз ба, Диляфруз! Грантқа өту баллдарын жыл сайын  ҚР Білім және Ғылым Министрлігі бекітеді, ол Республика бойынша талапкерлердің ҰБТ және КТ тапсыру көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп тұрады. Грантқа өту баллдары тек конкурс аяқталған кезде белгілі болатындықтан, әзірге грантқа түсу үшін қанша балл қажет екені белгісіз. Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі 23-31 шілде 2014ж.






Рауан Асылбек

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Саламатсыз ба Рауан! Судмедэксперт болып жұмыс жасау үшін «Жалпы медицина» факультетіне оқуға түсуіңіз қажет.






Арайлым Нілдібай

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Арайлым Нілдібай <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
Сәлеметсіз бе? Мен ҰБТ-дан 101 ұпай. Орыс тілінсіз 82 ұпай алдым. Жалпы медицина факультетіне грантқа түсу мүмкіндігім бар ма? Ауылдық квота қосылатын шығар, және де қызыл аттестат аламын. (алтынға жетпей қалды) Жалпы медицина болмаса басқа қандай факультеттерге жетуі мүмкін? Және құжаттарды қашаннан бастап қабылдайсыздар? Рамет!

Саламатсыз ба Арайлым! Грантқа өту баллдарын жыл сайын  ҚР Білім және Ғылым Министрлігі бекітеді, ол Республика бойынша талапкерлердің ҰБТ және КТ тапсыру көрсеткіштеріне байланысты өзгеріп тұрады. Грантқа өту баллдары тек конкурс аяқталған кезде белгілі болатындықтан, әзірге грантқа түсу үшін қанша балл қажет екені белгісіз.  Конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі  23-31 шілде 2014ж.






Бауыржан Базарбаев

16 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От:  <[email protected]>
Тема вопроса: От абитуриента
ҰБТ-97 балл жинадым,орыс тілінің-18 балын алып тастағанда, қалғаны-79 балмен жалпы мед.тапсыруға бола ма?

Саламатсыз ба Бауыржан! «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне» сәйкес ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкер  кемінде 70 балл жинау қажет, сондықтан Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарыңызды тапсыруға құқылысыз. Құжат тапсыру мерзімі – 23-31 шілде 2014ж.