18.07.2014 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за July 18th, 2014

Асылбек Исмагулов

18 Jul 2014  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

Вопрос ректору
От: Асылбек Исмагулов  <[email protected]>
Тема вопроса: Проблемы общежития
Айкан Аканович! Саламатсыз ба! Сізге хат жолдап отырған сіз басқарып отырған оқу орнының 2 курс студенті Нагашыбай Айнурдың әкесі. Біздің жанұямыздан сізге өтініш, менің қызыма жатақханадан орын тауып беруге, көмектесуіңізді сұраймыз.Өйткені біздің жанұямызда Айнурдан баска екі студент балам бар. Олар басқа қалаларда оқиды. Материалдық жағдайым қызыма Алматыдан пәтер жалдауға келмейді. Бірінші шыққан тізімге қызым ілінбеді. Өтініш тапсырған болатын, құжаттарымен бірге. Осы мәселе қатты уайымдатып отыр.  Осы өтінішім жерде қалмауын
сұраймын. Алдын- ала алғыс білдіремін.

 Саламатсыз ба Асылбек! Сіздің сұрағыңызға жауап береміз.

Университетімізде жатақхана мәселесі өте күрделі орында. Себебі, университетімізде 11 000 мыңға жуық студент оқыса, жатақханалардағы жалпы орын саны 2800.

Сіздің қызыңыз, Нағашыбай Айнұр «Жалпы медицина» факультетінің 1 курсын тамамдап, 2 курсқа өтті.

Былтыр қызыңыздың 1 курста жатақханадан орын алу себебі, университеттің жатақханадан орын беру ережесіне сәйкес, грантқа түскен әр 1 курс студентіне жатақханадан орын беріледі.

Қызыңыз 2014-2015 оқу жылының студенттерді жатақханаға орналастырудың 1-ші кезеңіне құжаттарын тапсырмаған.

Қызыңыздың келер оқу жылына жатақханадан орын алу үшін төмендегі «университет жатақханасынан орын беру ережесіндегі» талаптарға сәйкес болуы керек:

  1. Шетел студенті болса;
  2. Жетім немесе жартылай жетім болса;
  3. 1-2 топ мүгедегі болса;
  4. Диспансерлік есепте болса;
  5. Көп балалы отбасыдан болса (егер кәмелет жасына толмаған бала саны 4 болса);
  6. Ата-анасы ажырасып, олардың біреуінің қамқорлығында болса;
  7. Ата-анасы 1-2 топ мүгедегі болса;
  8. Ата-анасының екеуі де зейнеткер болса;
  9. Ата-анасы Ауған соғысына қатысқан  немесе Чернобыль апатынан зардап шеккен болса;
  10. Оқу озаты болса;
  11.  Белсенді студенттер қатарында болса;

–          Конференцияға қатысып, 1 орын иеленсе

–          Студенттік ұйымдардың белсенді мүшесі болса

–          Университеттің қоғамдық жұмыстарымен белсенді айналысса

 

Егер қызыңыз осы талаптарға сай келсе, оқу жылы басталмай тұрып деканатқа арыз жазып,  растаушы құжаттарын тапсырса болады.