September 2013 - Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова :: Блог ректора КазНМУ имени С.Д.Асфендиярова

Архив за September, 2013

Ақмарал Бураханова

24 Sep 2013  |  Опубликовано в Сұрақ-жауап

 Вопрос ректору
От: Ақмарал  Бураханова <[email protected]>
Тема вопроса: От сотрудника
Сәлеметсіз бе, құрметті Айқан Ақанұлы.
Мен осы университеттің  қазақ  тілі  кафедрасында 10  жылдан астам  уакыт аға лаборанттық қызметте істеймін. Мамандығым филолог. Мамандығым  бойынша стажер оқытушы  болайын деп едім,  ол үшін қандай  талаптар қойылады, қандай жолдары бар екен, соны білейін  деп едім.
Кафедра  меңгерушісі сұраныс  берген  жағдайда мені стажер  оқытушылыққа қабылдау мүмкін ба?

Қурметті Ақмарал!

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

 

Оқытушы-стажер лауазымына үміткерлерге төмендегі талаптар қойылады:

Ø   кәсібі бойынша жоғарғы дәрежедегі білім;

Ø   академиялық магистр дәрежесінің болуы (теориялық кафедралар үшін);

Педагогикалық жұмыс өтіліміне талаптар қойылмайды.

 Оқытушы-стажер лауазымынан үміткерлер:

Ø   «Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын: «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Жемқорлықпен күрес», «Қазақстан Республикасының тіл туралы» және нормативті құқықтық актілерін, жоғарғы оқу орындарындағы дамуы мен жұмыс істеуін реттейтін.

Ø   экономика негіздері мен еңбек туралы заңды;

Ø   еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғану ережелерін білуі тиіс;

Байқауға қатысу үшін арыз беру тәртібі:

         Оқытушы-стажер лауазымына үміткерлер, байқауға қатысу үшін № 1 қосымшада көрсетілген үлгі бойынша арыз беруі керек.

          Арызға міндетті түрде төмендегідей құжаттар қосылады:

Ø   № 2 қосымшада көрсетілген үлгі бойынша анкета;

Ø   өмірбаяны (үміткердің қалауынша жазылады);

Ø   3 фотосуреті 3*4 см;

Ø   Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;

Ø   мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттың нотариалді куәландырылған көшірмесі (транскриптімен):

Ø   нотариалді немесе негізгі жұмыс істейтін жеріндегі кадр бөлімінен куәландырылған, еңбек кітапшасының көшірмесі;

Ø   соңғы жұмыс орнынан мінездеме (еңбек өтілімі болса).

 

Қосымша құжаттар:

Конкурсқа қатысушы-үміткерлер білімі туралы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби дәрежесі және атағы, сонымен қатар қосымша білімі, біліктілігін жетілдіру туралы құжаттардың көшірмесі, жұмыс орнынан (оқуынан) мінездеме, ғылыми еңбектері, тікелей басшыларының және кафедра меңгерушілерінің кепілдемесі.